Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Кореяда тағлымдамадан өтті
SDU Бизнес мектебінің ЕМВА және МВА «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары Оңтүстік Кореядағы Chung Ang университетінен тағлымдамадан өтті.
Сәуір айының 29-ы мен мамырдың 4 аралығын қамтыған тағлымдамада SDU University және ҚАЗҰМУ магистранттары бірлесе Hyundae Hospital және Gwangmyeong емханаларында тәжірибеден өтіп, жергілікті менеджменттің қыр-сырын меңгерді.
Халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламасы біздің магистранттар үшін арнайы әзірленген және денсаулық сақтауды басқару саласындағы шетелдік тәжірибені көрсетуге бағытталған.
Болашақ мамандар Hyundae клиникасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының шеберлік сабақтарына қатысып, Кореядағы денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру жүйесімен, сапаны жақсарту (QI) жүйесімен, емхананың кадрлық басқару саясаты және корей клиникаларына арналған сертификаттау жүйесімен танысты.
Тағылымдама соңында магистранттарға халықаралық сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.