SDU студенті “Ломоносов-2024” жас ғалымдар конференцияcының жүлдегері атанды
19-20 сәуір аралығында Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Астана қаласындағы филиалында Ломоносов-2024 студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың XIX конференциясы өтті.
Конференцияға SDU eниверситетінің қауымдастырылған профессоры Нұрғиса Есіркегеновтің жетекшілігімен 6 студентіміз қатысып, 4 курс студенті Орынғалиев Иманғали 3-ші орын иеленді.
Сондай-ақ ғылыми математика бағыты бойынша 2-курс магистранты Құралай Апсеит, 2-курс бакалавр студенті Самат Ануарбек, 3 курс бакалавр студенті Айару Сейлханова және МКМ бағытынан Жания Амиржанқызы, 4 курс бакалавр студенті Амир Жангирбаев конференцияға белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Білімдерлерді жетістіктерімен құттықтап, алар асуларының биік боларына сенім білдіреміз!