«Міндетті грант өтемі» тақырыбында түлектермен кездесу өтті
22 сәуір күні Мемлекеттік грант негізінде білім алып жатқан бітіруші түлектермен “Қаржы орталығы” АҚ өкілімен кездесу өтті. Кездесу барысында “Қаржы орталығы” АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы білімгерлерге «Міндетті грант өтемі» тақырыбында сөз сөйлеп, мемлекеттік грантты жұмыспен өтеу жайлы ақпарат берді.
Шара аясында білімгерлер тарапынан сұрақтар қойылып, мемлекеттік грантты жұмыспен өтеу, жұмыспен қамтылу және міндетті грант өтемінен босатылу туралы мәселелер талқыланды.


Previous
Next