SDU.Humanity.Olimpiade - 2024
Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына арналған “SDU.Humanity.Olimpiade – 2024” Облыстық Олимпиадасы өтетінін хабарлаймыз! Олимпиада «биология-география» бейіндік пәні бойынша өткізіледі.
Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз:
- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;
- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»;
- «Педагогика және психология»;
- «Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының бірінің «SDU University» ІШКІ ГРАНТ (4 жылға оқу ақысына 100 пайыз жеңілдік) иегері атанады!
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
І кезең – «Биология-география» пәндерінің аясында 100 сұрақтан құралған тест.
Берілетін уақыт: 120 минут
Қатысу тілі: қазақ тілі
10.05.2024 күні SDU University аумағында өтеді.
ІІ кезең – Эссе жазу.
Берілетін уақыт: 90 минут
Қатысу тілі: қазақ тілі
Эссе көлемі: 75-100 сөз
17.05.2024 күні SDU University аумағында өтеді.
ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ:
-Қатысушының және жетекшінің аты-жөні;
-Мектебі, сыныбы;
-Қатысушының және жетекшінің электрондық пошталары;
Олимпиадаға тіркелу бойынша өтініштер 1 мамырға дейін 2024.olympic@mail.ru поштасына Word үлгісінде қабылданады.
Белгіленген уақыттан кешіккен өтініштер қарастырылмайды.
Олимпиада координаторы – Асылбек Айжан.
Байланыс нөмірі: 87476880119
aizhan.asylbek@sdu.edu.kz