“Профориентация: болашақ бүгін басталады” конференциясы өтті
SDU Extension School-дың ұйымдастыруымен 12-14 сәуір аралығында университет қабырғасында “Профориентация: болашақ бүгін басталады” конференциясы өтті. Мамандық таңдау, грантқа түсу жолдарын көрсетіп, құнды ақпарат ұсынған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Монғоля елдерінің ең мықты профориентолог мамандары қатысты.
Конференцияның негізгі спикерлері ретінде 2,5 жыл Ұлттық Тестілеу Орталығының басшысы қызметін атқарған білікті маман Руслан Тоқтарбекұлы, Шетелде жоғары білім алу бойынша эксперт, IRO директоры Бейбіт Дюсюпов, Harvard Summer School for College institutions грант иегері Синан Эрарслан, GALLUP сарапшысы Бабур Адильхан, Eduserapp негізін қалаушы Айдос Жұманазар, 5 мектеп жобасының профориентолог методисі Ілияс Садуақасов және SDU Extension School директоры Омарбек Көшкімбайұлы сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кәсіби бағдар беру конференциясы жас мамандарға профориентолог болып қалыптасып, мамандық таңдауға бағыттау жолдарын көрсетті. Бұл игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

