SDU ғалымдары мемлекет басшысымен кездесті
Ғылым күніне орай, университетіміздің оқытушысы, белгілі академик Асқар Жұмаділдаев пен PhD доктор, ғалым Қайрат Молдашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Ғылым және Технологиялар бойынша ұлттық кеңеске қатысты.
Отырыс барысында президент ғылым мен білімнің дамуына үлес қосып жүрген ғалымдарға алғыс білдіріп, елдегі түйткілді мәселелерге тоқталды. «Өкінішке орай, елімізде ғылымның дамуына ондаған жылдар бойы тиісті көңіл бөлінбей келеді» деп өкініш білдірді мемлекет басшысы.
Өткен жылы ғылымды дамытуға үш жыл ішінде 625 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта мемлекет бұл бюджетті жоспарлы түрде ұлғайтуды жалғастырады.