Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің екі мамандығы ACQUIN Бағдарламалық Аккредиттеуінен сәтті өтті
Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің “Шет тілі: екі шет тілі” және “Аударма ісі” мамандықтары 8 жылға ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтынан сертификат алды.
ACQUIN бағдарламалық аккредиттеуі “Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес келеді. Аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламаларын бағалауды тәуелсіз халықаралық және ұлттық сарапшылар жүргізеді.
ACQUIN аккредиттеу жүйесінен сәтті өткен Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетін және оның барлық қызметкерлерін бұл абыройлы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.