«Сөз өнері» зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті
SDU университетінің “Сөз өнері” зерттеу орталығы мен А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе “Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда мақала жариялауда ескеретін кейбір мәселелер” атты ғылыми семинар өткізді. Шараның басты мақсаты – магистранттар мен докторанттардың, ізденуші қауымның назарын ғылыми мақала жазу мен жариялаудағы маңызды мәселелерге аударту.
Семинарға SDU университетінің профессор-оқытушы құрамы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ қыздар мемлекеттік университетінің магистранттары мен докторанттары қатысты.
Шараның басты қонағы әрі спикері – ф.ғ.к., доцент, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты хабаршысының бас редакторы Л.Н.Дәуренбекова дәріс жүргізіп, ғылыми мақала жариялаудағы нұсқаулықтармен бөлісті.
Семинар барысында Ғылым және жоғары білім сапасын қадағалау комитеті ұсынған басылымдардағы мақала сапасы, жарияланымның техникалық қырлары, антиплагиат, академиялық адалдық сынды мәселелер талқыланды.
“Сөз өнері” орталығының директоры Баян Керімбекова шара соңында жас ғалымдардың ізденісіне жол ашатын отандық басылымдардың көбеюіне тілектестік танытып, спикерге алғыс білдірді.


