"EDU Job Fair-2024" жұмыспен қамту жәрмеңкесі
Наурыздың 29 күні SDU University қабырғасында “EDU Job Fair-2024” жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарымен танысу арқылы SDU университетіндегі Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру еді.
Педагогикалық бағыттағы 11 мамандықты қамтыған шараға 4 курс студенттері қатысып, жұмыс ұсынған мекемелермен танысты әрі бос жұмыс орындарына шолу жасады. Bilim Innovation Foundation, Қазақ-Британ Халықаралық мектебі, Dostyq School және басқа да Республиканың әр аймағынан келген 20-ға жуық ұйым болашақ мамандарға бос қызмет орындарын ұсынып, өз мекемелерінің артықшылықтарын таныстырды. Жұмыс орындар жәрмеңкесінің болашақ маман үшін де, қызмет ұсынушы мекеме үшін де артықшылығы көп. Аталмыш шара таланттарды тануға, ынтымақтастықты нығайтуға, тағлымдамадан өтіп зерттеп көруге мүмкіндік береді.
SDU University өз шәкірттерінің оқудан кейін қызметке орналасып, жұмыспен қамтылуын ерекше назарда ұстайды. Осы мақсатта, білім беру бағдарламасына сәйкес, факультет көлемінде жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырады. Себебі, мұндай шаралар түлек пен жұмыс беруші мекеменің арасында байланыс орнатуға жақсы мүмкіндік береді.


