SDU Extension School ұстаздарға арналған семинар-тренинг өткізді
24 ақпан күні SDU Extension School Алматы облысы, Қарасай ауданының 16 мектебінен келген 20 ағылшын тілі пәні мұғаліміне “5 untold secrets of effective teaching” атты 6 сағаттық семинар-тренинг өткізді. Семинарда ағылшын тілі пәнін дәстүрлі оқытуда кездесетін қателіктер мен жаңа әдістер талқыланды. Мұғалімдер тренинг барысында арнайы тапсырмалар арқылы теориялық білімін практикалық деңгейде көрсете алды.
Семинарды SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің аға оқытушысы, АҚШ-тағы Pennsylvania State University магистрі, IELTS 8.0 және CELTA (Pass B) сертификат иегері, Дмитрий Черкасов жүргізді.
Қатысушыларға ректордың атынан сертификат табысталды.