HR форум 2023 – қызметкерлерге жақсы жағдай жасау жолдарын ұсынған алаң
8 желтоқсан күні SDU Life ғимаратында Бизнес Мектебінің ұйымдастыруымен ауқымды HR форум өтті.
«Қызметкерлерге деген қамқорлық» тақырыбын арқау еткен форумға HR саласының үздік мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында Air Astana әуе компаниясының әкімшілік және қызметкерлерді басқару бөлімінің вице-президенті Евгения Ни, Назарбаев Университетінде Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост Лоретта O’Доннелл, Kaspi Bank-тың HR бойынша атқарушы директоры Олег Бахмутов және басқа да өз саласының кәсіби мамандары болды.
«Қызметкерлерге қамқорлық танытатын тиімді жүйені қалай құрамыз?» деген сұраққа әр спикер өз тәжірибесіне сүйене отырып жауап берді. Білікті мамандармен жүздесуге келген оқытушылар, университет қызметкерлері мен студенттер көкейдегі көптеген сауалдарына жауап алды.
HR форум заманауи тенденцияларды білуге, тәжірибе алмасуға және қызметкерлерге жақсы жағдай жасау жолдарын талқылауға бірегей мүмкіндік берді.


