Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде STEM апталығы өтті
SDU University қабырғасында өткен ауқымды іс-шараның басты мақсаты – студенттерді ғылымға баулып, білім мен тәжірибені ұштастыру еді. Бір аптаға созылған іс-шара барысында технология, инженерия және математика салалары бойынша сайыстар өтіп, қатысушылар білімін ортаға салды. Биология, химия және физика бағытында жасалған демонстрациялар STEM пәндерінің практикалық қолдануларын көрсетті.
Информатика мұғалімдері мен IТ нұсқаушыларының жетекшілігімен Arduino Smart Home Design, Chatbot әзірлеу және Data Science бойынша ауқымды тренингтер өтті. Сәтті аяқталған STEM апталығы шәкірттердің практикалық білімін арттырып, STEM пәндеріне деген құштарлығын оятты әрі жан-жақты тәжірибе берді.