SDU University "QS World University Rankings 2024"марапаттау рәсіміне қатысты
16 қараша күні Abai University-де салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда SDU University-ге естелік белгі және QS World University Rankings-2024 сертификаты берілді.
SDU University QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді, онда №1201-1400 орын арасында орналасты. Қазақстандық 120 жоғары оқу орнының тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингке енді. QS World University Rankings 2024 рейтингінде 3 000-ға жуық әлемдік университет бағаланып, тек жартысы ғана рейтингтегі орындарға ие болды.
Марапаттар білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктері үшін еліміздің 21 жоғары оқу орнының ректорларына табысталды.