Samsung Recycling School байқауы аясында SDU үздік үштікке кірді
SDU University Samsung Recycling School байқауына қатысты. Бұл жобаның мақсаты жастарды электронды қалдықтарды жинап, кәдеге жаратуға шабыттандыру болды. Байқау нәтижесінде SDU 5 келі электронды қалдықтарды жинағаны үшін жүлделі 3 орынға ие болды, университетке “Smart M8 monitor 32” мониторы сыйға берілді. Жүлдені табыстау “Come to the Green side!” іс-шарасында өтті. Онда электроника қалдықтарынан жиналған Тазы мен Тобет ит тұқымының Эко-мүсіні таныстырылды.
Жобаға ҚазҰУ және AlmaU сияқты жоғары оқу орындары қатысты. Жалпы студенттер 46 келіден астам электронды қалдықтарды жинады.
Previous
Next