SDU University-де алғаш рет "SDU Үздік Оқытушысы" байқауы өтті
Биыл қазан айының 2-13 аралығында “SDU University”-де алғаш рет “SDU Үздік Оқытушысы” байқауы өтті. Байқау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, 1-орын иегері Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ассистент профессоры, PhD Еркебұлан Сайрамбай, 2-орын иегері Бизнес Мектебінің ассистент профессоры, PhD Мария Еселева-Пионка, 3-орын иегері Инженер және жаратылыстану ғылымдары факультетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Нұрғиса Есіркегенов атанды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Әрі қарай, Республикалық “Үздік Оқытушы” байқауының талаптарына сай, жеңімпаздарымыз бен қызығушылық танытқан басқа да профессор-оқытушылық құрамы Министрліктің сайтына өтіп, https://universitycontest2023.iac.kz/ байқауға қатыса алады. Әрбір үміткер көрсетілген сайтқа тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктеуі тиіс. Республикалық “Үздік Оқытушы” байқауына құжаттарды жүктеу қараша айының 8-іне дейін жалғасады.