SDU University оқытушысы "Scopus Awards" 2023 сыйлығының лауреаты атанды
Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің қауымдастырылған профессоры Нұрғиса Есіркегенов Scopus Awards халықаралық сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
Scopus Awards – ғылыми зерттеулер мен білім берудегі ерекше жетістіктерді айқындайтын беделді марапат. Оның жұмысы мен ғылымға қосқан үлесін сарапшылар жоғары деңгейлі және білімді дамыту үшін маңызды деп таныды.
Бұл марапат тек ғылыми жұмыстың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар SDU оқытушысының жұмысын ғалымдар мен білім беру практиктерінің әлемдік қауымдастығына әсерін тигізетініне дәлел.