SDU University-ге шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді
2023 жылы 2 қазанда СДУ университетіне M5 Universities тобының құрамына кіретін Ұлыбританияның Уорвик университетінің профессоры, шетелдік ғалым Майкл Хаммонд келді.
Профессор Майкл Хаммонд “жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылық қызметіне шетелдік сарапшыларды тарту” бағдарламасы аясында Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне семинарлар, дәрістер өткізу үшін шақырылды, сондай-ақ ғылыми мақалалар дайындауға және білім беру бағдарламаларына рецензиялауға қатысу жоспарланған.
Сонымен қатар 18 қазанда профессор Майкл Хаммонд “аралас әдістегі зеріттеуді жүргізу және оқу” атты қызықты тақырыпта семинар өткізді.
