SDU Бизнес мектебінің ұстазы Мәдина Қосайдың кітабының тұсаукесері болды
SDU University Ғылыми кітапханасында Бизнес мектебінің құрметті ұстазы Мәдина Қосай және суретші Лейла Ахмет Османның иллюстрациясымен жазылған «Мечтай больше» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шара барысында кітап авторлары осы туындысымен жұмыс жасау кезіндегі өз тәжірибелерімен және бұл шығармашылық жұмысқа қалай келгендерімен бөлісті. Тұсаукесер студенттер үшін армандауға және мақсаттарына жетуге тамаша шабыт берді.
Сондай-ақ, SDU Ғылыми кітапханасына сыйлық ретінде ұсынылған кітаптарына авторлардың қол қою рәсімі өтті.