SDU студенттері "Seeds for the future" халықаралық іс-шарасына қатысты
3-10 қыркүйек аралығында Дохада, Катар Орталық Азия мен Таяу Шығыстың 15 елінен 29 команда қатысқан Huawei компаниясының “Seeds for the Future” халықаралық білім беру бағдарламасының бірінші кезеңінен өтті. Әлемдік аренада Қазақстанның атынан еліміздің жетекші университеттерінің студенттерінен құралған екі команда қатысты: СДУ, НУ, ҚБТУ, АЭжБУ және ҚазҰУ.
Бағдарламаның екінші кезеңі 11-16 қыркүйек аралығында Дубайда өтті, онда қатысушы елдерден: Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, БАӘ, Катар, Моңғолия және Иорданиядан үздік 7 команда өтті.
Seeds for the Future студенттер арасында таланттарды дамытуға, АКТ секторында хабардарлық пен ынта-жігерді арттыруға және цифрлық қауымдастық құруға көмектесуге бағытталған.
Жарыс барысында командалар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы жобаларды әзірлеу бойынша жұмыс істеді, сондай-ақ технологиялар, 5G, Big Data, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект сияқты салалардағы жетекші сала мамандарының шеберлік сыныптары мен воркшоптарына қатысты.
Біздің университеттің атынан инженерлік факультеттің студенттері Әбілбашар Аляра, Кубашева Гүлнәзік, Үштай Бекзада және Усубалиева Арина Шахназар-Сұлтан Манбай академиясының Huawei ICT нұсқаушысы тәлімгерлігімен қатысты.