Әлем чемпионы болған Мұхит Ерлан университетіміздің мақтанышы
SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев World Grappling Champion in Warsaw-2023 Әлем чемпионы атанған Мұхит Ерлан Алмазұлын қабылдап, құттықтау тілектерін жеткізді.
Ерлан Алмазұлы, ректормен кездесу барысында әлемдік аренада бас қосқан 33 спортшымен бақ сынасып, өзінің шеберлігі мен спортқа деген адалдығының арқасында жеңіске жеткендігі жөнінде айтты. Сондай-ақ оның бұл жеңісі өзінің әкесі әрі бапкері Ихсанов Алмаз мырзаның ерен еңбегі екендігін де атап өтті.
Өз кезегінде Әлімжан Бекежанұлы әлем чемпионы атанған Мұхит Ерланды құттықтап, университетіміздің мақтанышы екенін жеткізді. Әрдайым замандастары мен өзінен кейінгі жастарға үлгі болып, болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыра беруін тіледі.
Айта кетейік, Ерлан Алмазұлы Педагогика және Гуманитарлық факультетінің физика-информатика мамандығында оқитын 3 курс студенті.