СДУ ғалымдарының жобалары қаржыландыруға ие болды
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсының нәтижесі негізінде СДУ ғалымдарының 6 жобасы қаржыландыруға ие болды.
Сондай-ақ жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыруға арналған конкурсында ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар бағыты бойынша 1 жоба қаржыландыруға ие болса, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы бойынша 1 жоба жұмысын сәтті орындап келеді.
Қазіргі уақытта СДУ «Жан-жақты қолдау негізінде аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды әлеуметтік және білім беру ортаға біріктіру: қиындықтар мен артықшылықтар» тақырыбындағы бір мақсатты қаржыландыру жобасы аясында зерттеу жүргізіп жатыр.
Ағымдағы жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасы 708 000 000 теңгені құрайды. Соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы көбейіп, ғалымдарымыздың қоғам игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктері артып келеді.
СДУ Университетінің ғылыми жоба жетекшілерін Қадыров Ширали, Боғырбаева Айгерім, Абнасырова Райхан, Гаипов Давранжон, Жүсіпбек Ғалым, Тлеуов Асхат және Көшербаева Ляззатты шын жүректен құттықтаймыз!