Университетімізде психологтардың форумы өтті
24 мамыр Сулейман Демирель атындағы Университетте «Жоғары оқу орындарындағы заманауи психологиялық қолдау қызметінің жұмысы» атты форум өтті. Іс-шараға еліміздің жоғарғы оқу орындарынан 23 психолог қатысты.
Форумның мақсаты жоғары оқу орындарындағы «Психологиялық қызметінің» XXI-ғасырға сай жұмысын талқылап, тәжірибе алмасу, психолог мамандардың қызметінде маркетинг саласының орнын айқындау, олардың әлеуетін арттыру және білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетудің жолдарын ұсыну болатын.
Сонымен қатар, медиа кәсіпкер Ақсұлтан Қалиев қатысушыларға «Психологиялық қызметтің және психолог маманның жеке брендін қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізді.