СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті
СДУ басшылық құрамының Оңтүстік Корея еліне іссапары барысында бірқатар жоғарғы оқу орындарына арнайы барып, ынтымақтастық келіссөздер жасасты.
Соның ішінде, Оңтүстік Корей елінің 1954 жылы құрылған беделді әрі ірі университеттерінің бірі Inha University-не СДУ ректоры Игенбаев Әлімжан, Әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак және Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсупов барып, басшылық құрамымен кездесті.
Қонақтарды Inha University-нен президенті Dr. Myoeng Woo Cho, Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Dr. Keeyoung Choi және Жаһандық білім беру жобасы тобының деканы Dr. Kyungjin Min қарсы алып, ішкі инфрақұрылым мен білімгерлерге жасалған заманауи материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
Күн тәртібіне сәйкес екі тарап келіссөз жүргізіп, нәтижесінде СДУ-дың Ақпараттық жүйе бағытында оқитын білімгерлерінің Inha университетіне бір жылдық білім алуы мүмкіншілгі мен оқу ақысының 50 пайыз жеңілдігі берілді.