СДУ әкімшілік құрамы Токио қаласына іссапармен барды
Токио қаласындағы 1975 жылы құрылған Sokа университетіне арнайы іссапармен СДУ ректоры Игенбаев Әлімжан, Әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак және Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсупов барды.
Іссаапардың негізгі мақсаты білім саласы бойынша ынтымақтастық құру, білімгерлермен өзара алмасу бағдарламасын күшейту болатын.
СДУ өкілдерін Sokа университетінің президенті Masashi Suzuki мырза қарсы алып, екі жақты ұтымды келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында екі білім мекемесі инновациялық білім беру бағдарламаларын бірлесіп дамыту және педагогика, құқық, инженерлік, экономика бағыттары бойынша әріптестік қарым-қатынас орнатуды көздеді.
Тараптар білімгерлері мен оқытушылық-профессорлық құрамының өзара тәжірибе алмасуы және ғылыми, мәдени бағытта бірлескен жобалар құруы бойынша мәселелер талқыланды.
Сөз барысында Masashi Suzuki мырза екі университеттің де ерекше студенттік рухы бар екенін және екеуі де білімге бағытталған құндылықтарға көңіл бөлетінін атап өтті.
Сондай-ақ қазақстандық қонақтарға Токионың тау бөктерінде орналасқан 810 000 шаршы метрлік кампусы бар Sokа университетінің замануи инфрақұрылымымен таныстырып, Халықаралық оқу орталығы мен ғылыми зертханаларын көрсетті.