СДУ ACeSYRI жобасы үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты
СДУ инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Словакияның Жилина қаласында Эразмус+ бағдарламасы аясында “PhD студенттеріне арналған Advanced Center and young Researchers in Informatics” атты ACeSYRI жобасының үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты.
Жоба 2020 жылдың 15 қаңтарында іске қосылды және Қазақстан мен Еуропа университеттерінің студенттері, зерттеушілері мен оқытушылары арасында халықаралық ынтымақтастық үшін инновациялық инфрақұрылым орнатуға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар нәтижелер мен прогрестерді ұсынып, жоба сапасының критерийлеріне қол жеткізу үшін әзірленген іс-шаралардың қорытындыларын талқылады.
Сондай-ақ Университеттер 2023 жылға арналған жоспарлары мен іс-шараларын ұсынды. Жилин университетінің FRI зертханасының командасы екі күндік тренингке қатысуға және ACeSYRI порталын зерттеуге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында порталды дамыту, университеттік әріптестікті нығайту, жобаның нәтижелері мен жетістіктерін тарату және тану, жобаны іске асырудағы процестердің, рәсімдердің және ықтимал тәуекелдердің сапасын бақылау мен мониторингін қамтамасыз ету, сондай-ақ жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты түрлі тақырыптар талқыланды.



