Университетімізде “SDU CUP 2023” республикалық пікірсайыс турнирі өтті
29-30 сәуір күндері Сулейман Демирель атындағы Университетінде Қазақ дебат клубының ұйымдастыруымен “SDU CUP 2023” республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
2015 жылдан бері дәстүрлі өтетін “SDU CUP” турниріне еліміздің бірнеше облыстарынан 276 студент пен оқушы қатысты. Турнир жеңімпаздары үшін жүлде қоры: студенттік лига үшін жалпы жүлде қоры 720 000 теңге, ал мектеп лигасы үшін 180 000 теңге көлемін құрады.
Турнирдің ерекшелігі қатысушылар пікірсайыс әлеміндегі 3 түрлі форматта, яғни Америкалық және Британдық, Линкольн-Дуглас форматтары бойынша ең маңызды саяси, әлеуметтік мәселелерді талқыланып, ой-пікір алмасу болды.
Турнир нәтижесі бойынша студенттер арасындағы чемпиондар лигасының жеңімпаздары атанғандар:
- Хакназар хан фракциясы (Сириус, ТЭО дебат клубтары) Инкаров Ерғали, Сақтаған Жарылқасын;
- Ода Набунага фракциясы (Алтын сапа, Яссауи дебат клубтары) Каримов Дамир, Сапарқұл Жансая;
- Кокжал (Альма-матер дебат клубы) Әлібек Сәндібек, Бердіхан Мұқасан;
- Хайырлысы (UIB дебат клубы) Ерқанат Еркінбек, Абуова Злиха;
Ең үздік спикер:
Рзабаев Даулет (ТЭО)
Сапарқұл Жансая (Яссауи)
Сондай-ақ, республикалық пікірсайыс турниріне Қазақстанның Топ-20 спикері қатарына кірген пікірсайысшылар мен республика деңгейінде топ жарған өзге де жас пікірсайыс майталмандары қатысты.






