«Химия мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша XV республикалық пәндік олимпиада өтті
2023 жылдың 27-28 сәуір аралығында Сулейман Демирель университетінде «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша XV республикалық пәндік олимпиада өтті.
Республикалық Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 университеттің студенттері бақ сынасты.
Екі күнге созылған олимпиада барысында концерттік бағдарлама мен қатысушыларға арнайы ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
Республикалық сайыстың нәтижесі бойынша нағыз бәсекеге қабілетті, өз білімі мен біліктілігін көрсете білген жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды:
Жекелей марапаттау:
1-орын Бекбулат Қайсар Радикұлы
2-орын Пердебай Берік
2-орын Каиров Нурлан Мурадович
3-орын Ирисметов Асадбек Нурмаматович
3-орын Отеулинов Данияр
3-орын Топорков Илья
Команда аралық марапаттау:
1-орын Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
2-орын Астана Халықаралық университеті
2-орын Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
3-орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
3-орын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
3-орын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Сонымен қатар, олимпиада жетекшілеріне алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Аталмыш олимпиадаға қатысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіре отыра, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
