IT LAW ОРТАЛЫҒЫ

Орталық туралы
“IT Law” зерттеу орталығы ақпараттық технологиялар құқығы саласындағы зерттеулермен айналысады. Ол ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты, соның ішінде дербес деректерді қорғау, Электрондық коммерция, авторлық құқық және зияткерлік меншік саласындағы заманауи құқықтық мәселелерді анықтауға және талдауға бағытталған. Ғылыми орталық зерттеулер жүргізеді, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады, мақалалар мен монографиялар жариялайды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды құқықтық реттеу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. “IT Law” университеттермен, сондай-ақ кейбір мемлекеттік органдармен ынтымақтасады.
Мақсаттары мен міндеттері
- Құқықтанудағы ғылыми базаны жетілдіру;
- Ақпараттық технологиялар саласындағы құқықтық реттеу мен заңнаманы жетілдіру;
- Құқықтық технологияларды дамыту;
- Ақпараттық технологиялар құқығы саласында тәжірибе және білім алмасу үшін конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Ғылыми мектепті дамыту және ақпараттық технологиялар құқығы саласындағы жас ғалымдарды қолдау.
Абай Мағауия
Интеллектуалдық меншік, IT-құқық және азаматтық құқық саласында тәжірибесі бар “IT&Law” ғылыми орталығының директоры. Сондай-ақ SDU University-де аға оқытушы және GRATA International-дағы Integration Center-дің тең-директоры.
Женевадағы WIPO-да, Ұлыбритания, Эстония, Чехия және Польшада оқудан өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізген. Абай құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде IT-құқық бойынша магистратура және ғылыми орталықтың негізін қалаған. Ол AIFC-де тәуелсіз сарапшы ретінде қызмет атқарып, осы салада заңнамаларды жақсартуға қатысып, университеттерге IT құқық бағытында даму мәселелері бойынша кеңес береді.
Ол American Councils және SDU университетінен зерттеулер жүргізуге арналған гранттардың жеңімпазы болып табылады.
Ералы Күмісай
IT-құқық саласына маманданған заңгер және оқытушы, сондай-ақ “IT&Law” ғылыми орталығының белсенді қатысушысы. Қазіргі уақытта SDU University-де заңгер болып жұмыс жасап, IT-құқық бойынша сабақ жүргізеді.
Күмісай IT&Law зерттеу орталығының негізін қалаушылардың бірі болып табылады және цифрлық технологияларды құқықтық реттеу саласында зерттеулермен айналысады. Оның басшылығымен орталық 15 елден 1,000-нан астам қатысушыны жинаған халықаралық форумдар ұйымдастырып, IT саласында зерттеулер жүргізуге арналған гранттарды тарта білді.
Күмісайдың IT-құқық бойынша магистр дәрежесі бар және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігінде жұмыс істеп, киберқауіпсіздік пен цифрлық активтерге байланысты жобаларға қатысқан.
Темиргалиева Гаухар
Қаржы құқығы, этика және комплаенс және IT-құқық салаларында тәжірибесі бар заңгер және зерттеуші, “IT Law” ғылыми орталығының мүшесі. Қазіргі уақытта Tengri Partners Investment Banking компаниясында жұмыс жасайды.
Гаухар бұрын GRATA International, KaR-Tel LLP (Beeline) және Artyushenko and Partners компанияларында тәжірибе жинаған. Ол IT Law бағытында белсенді ат салысып, IT Law Forum мен жыл сайынғы құқықтық турнирді ұйымдастырған және орталықты халықаралық конференцияларда таныстырған.
Гаухар бакалавр дәрежесін SDU University-де, ал магистратураны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, жоғары академиялық нәтижелерге қол жеткізген.
Іс-шаралар
IT Law Forum– ақпараттық технологиялар құқығы тақырыбына арналған іс-шара, бұл саланың даму тенденцияларымен танысуға мүмкіндік береді және Қазақстанның жетекші сарапшыларымен тәжірибе алмасу алаңы болып табылады. IT заң форумында қатысушылар деректерді қорғау, хакерлер шабуылының алдын алу және киберқауіпсіздіктің басқа аспектілеріне қатысты маңызды мәселелерді талқылай алады. Форум 10.04.2023 пен 13.04.2023 аралығында өтеді және 2 модульден тұрады.
- Жасанды интеллект;
- Киберқауіпсіздік.
Жобасы аясында мемлекеттік органдардан: ІІМ ҚР, Ақпараттық Қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Қаржылық мониториг агенттігі, Қазақстан республикасы қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтымен жұмыс жасалынады.
Жоспарланған іс-шара | Мерзімі | Жауапты қызметкер |
– Магистранттарға арналған практика ұйымдастыру
– “IT Law Forum” іс-шарасы ұйымдастыру – Қазақстандағы “IT Law” жайлы кітап шығару – 2 конференцияға қатысу – 4 мақала жариялау – 2 жобаға ұсыныс жіберу |
Ғылыми семинарлар өткізу | Факультет ПОҚ, магистранттар, докторанттар |
“IT Law” зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан к-сі, 1/1 | Бөлімшенің жетекшісі/директоры:
ФИО: Абай Мағауия
Email: abay.magauiya@sdu.edu.kz |