Университеттің ғылыми-техникалық кеңестіі Академиялық және ғылыми мәселелер жөніндегі проректор басқарады. Кеңес ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу саясатын қалыптастыру мен практикада жүзеге асырудағы университеттің жоғары сараптамалық кеңесші органы. Кеңес университеттің Ғылыми кеңесіне ұсыныстар береді. Оның ұйымдастырушылық жұмысын университеттің Ғылым департаменті жүзеге асырады.
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеттеріне Университеттің зерттеу басымдықтарын оның бағыты мен бағдарына сәйкес дамыту, ғылыми атақтарға ұсынылатын үміткерлерді таңдау, қызметте жоғарылату, марапаттарды тағайындау, университеттің ғылыми-зерттеу мекемелері, зертханалары, орталықтары басшыларының жыл сайынғы есептерін қабылдау кіреді.
Университеттің Жас ғалымдар кеңесі - жас зерттеушілер мен ғылыммен айналысатын қызметкерлердің мансаптық өсуіне қолдау жасайтын орта қалыптастыру үшін жас ғалымдар мен қауымдастықтар құрған университеттік бірлестік. Кеңестің қызметі Ғылым департаментімен бірлестікте жүзеге асырылады, Ғылыми Кеңеске ұсыныстар жасалып, есеп беріледі. Негізгі мақсаты мен міндеттері жас ғалымдардың мүдделерін Ғылыми кеңестің, мемлекеттік мекемелердің және ақпарат құралдарының алдында қорғау; жас ғалымдардың конференциялар мен семинарлар сияқты шараларға қатысуын ұйымдастыру, оларға ғылыми ортада ынтымақтастық пен байланыстар құруда көмек көрсету. Жас ғалымдардың түрлі ғылыми конференцияларға, тағылымдамаларға, алмасу бағдарламаларына, жобалық гранттарға қатысуна көмектесу. Жас ғалымдар мен олардың отбасыларына арналған мәдени шараларды ұйымдастыру.
- Ғылыми-техникалық кеңес
- Жас ғалымдар кеңесі