Зерттеу этикасы
SDU University зерттеулерде ең жоғары этикалық құндылықтарды сақтауға тырысады. Зерттеу этикасы ережесінің мақсаты зерттеуді этикалық жүргізудің негізінде жатқан жалпы принциптерді белгілеу болып табылады. Зерттеушілер университеттің зерттеу этикасы ережесімен танысып, өз жұмысының барлық аспектілерінде тиісті этикалық тәжірибені сақтау үшін ережелерді ұстануы керек. Университетте адам зерттеулері Белмонт баяндамасында (Зерттелетін адам субъектілерін қорғауға арналған этикалық принциптер мен нұсқаулықтар) баяндалған этикалық принциптерге сәйкес жүргізіледі, сілтемеде көрсетілген: https://www.hhs.gov/ohrp/regulations-and- policy/ belmont-report/index.html#
Зерттеу нәтижелерін жариялаған кезде авторлар және басқа мүдделі тараптар COPE нұсқауларын (Жариялану этикасы жөніндегі комитет) басшылыққа алады деп күтілуде.
SDU зерттеу этикасын тексеру процедурасы
SDU зерттеу этикасы комитеті кері байланысты қамтамасыз ету және зерттеу барысында туындауы мүмкін этикалық мәселелерді шешу үшін жұмыс істейді. Біз зерттеушілер мен студенттердің өтініштерін қарастыру арқылы кез келген ықтимал этикалық мәселелердің алдын алу үшін жұмыс істейміз. Төменде стандартты этикалық тексеру процедуралары берілген. Ұсыныстарыңыз болса немесе теріс қылықтар, әдепсіз мінез-құлық немесе зерттеуге қатысты басқа мәселелер туралы хабарлағыңыз келсе, тікелей немесе rethics@sdu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Этикалық сараптамаға өтініш берудің стандартты рәсімдері
- Этикалық тексеру процесін жеңілдету үшін және Зерттеу этикасы жөніндегі комитеттің тексерісінен өтудің қажеттілігін түсіну үшін қысқаша онлайн ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ФОРМАСЫН дайындадық. Алдымен ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ФОРМАСЫН толтырыңыз.
- Сауалнамаға берген жауаптарыңыздың негізінде сіз сауалнама соңында этикалық тексеру МІНДЕТТІ ЕМЕС деген ескерту аласыз немесе этикалық тексеру МІНДЕТТІ және Этикалық сараптама тексеруге Өтініш беру қажет екендігі туралы ескертпе аласыз.
- ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ нəтижелері этикалық шолуды талап етсе, сіз келесі ЭТИКА ТЕКСЕРУ ФОРМАСЫН толтырып, оны rethics@sdu.edu.kz электрондық поштасына жіберуіңіз қажет.
- Зерттеуіңіз адамдармен байланысты болса, Жазбаша мәлімдеу келісім-хаттың қажеттілігін ұмытпаңыз, берілген үлгіні қолданыңыз. Зерттеуіңізге жасы кәмелетке толмаған қатысушылар қатысатын болса (18 жасқа толмаған), келесі үлгідегі Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының/қамқоршыларының келісімі қажет екенін ұмытпаңыз.
- Зерттеу барысында жүргізетін сауалнама, интервью сұрақтарын хатқа тіркегеніңізге көз жеткізіңіз.
- ЭТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ФОРМАСЫН алғаннан кейін, Зерттеу этикасы комитетінің мүшесі сізге 10 жұмыс күні ішінде қажетті процедуралар туралы хабар береді.
Докторантура студенттері үшін процедура екі этаптан тұрады. Құжаттарды келесідей жіберіңіз:
1. Зерттеу жұмысыңызды бастамастан бұрын (before data collection) жоғарыда көрсетілген Этикалық сараптамаға өтініш берудің стандартты рәсімдері бөліміне сәйкес жіберіңіз.
2. Қорғауға шығайын деп жатқан студенттер үшін, қорғауға шығардың алдында құжаттарды келесідей жіберіңіз (кафедрада алдын ала қорғаудан өткеннен кейін):
а) Докторанттар декларацияға қол қояды, сондай-ақ әлеуетті тәуекелдерді және оларды азайту тәсілдерін өзін-өзі бағалай отырып, әдістемені толық түсіндіреді (дипломдық жұмыстың әдістеме бөлігінің негізінде «Этикалық тәуекелді бағалау» деп аталатын жеке құжат болуы қажет). Әдепсіз мінез-құлық болған жағдайда, Зерттеу этикасы жөніндегі комитет өтінімді қабылдамайды және тәртіптік шараларды ұсынады.
б) Докторанттар (1) диссертацияның толық мәтінін, (2) докторантурада жарияланған мақалалардың толық мәтінін ұсынады.
в) Қазақстандық ғылыми жетекші диссертация мен мақалалардың Turnitin-дегі есептерін ұсынады, онда плагиат немесе әдепсіз жариялау тәжірибесі жоқ екендігі анық көрсетілген, өз жауапкершілігін мойындайтын және оның қолы қойылған болуы қажет.
Зерттеу этикасы комитеті отырысының күтізбесі және өтінім беру мерзімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді: күнтізбе
Маңызды ескертулер:
— Қорғау алдында қажет ететін өтініміңізді комитет мақұлдағаннан кейін докторлық диссертацияны қорғауға қажетті анықтаманы толтырып, rethics@sdu.edu.kz эл.поштасына жіберуіңіз қажет.
— Этикалық рұқсат алу ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін ескеріңіз (бірнеше аптаға дейін). Сондықтан біз ертерек жіберілген өтінімдерді құптаймыз.
* Бұл министрліктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес PhD студенттерге қойылатын қосымша талап. PhD студенттері де жоғарыда көрсетілгендей деректерді жинауды бастамас бұрын стандартты процедуралардан өтуі қажет.
ЭТИКА ТЕКСЕРУ ФОРМАСЫНа толтыруға қойылатын талаптар:
1. Барлық пункттерді дұрыс және толыққанды толтырғаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Research Design and Methodology анық жазылуы қажет. Этикалық бұзушылықтарды анықтау үшін, методология анық болуы шарт. Анық болмаған жағдайда, жұмысыңыз қайтарылады, қайта қарастыру бір айдан артық уақыт алуы мүмкін.
Пайдалы ресурстар
Жазбаша мәлімдеу келісім-хат үлгісі
Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының/қамқоршыларының келісімі
Жарияламас бұрын журналдарды тексеріңіз
Зерттеулер мен жарияланымдар этикасына сәйкестік декларациясы
Cеминарлар бейнежазбалары