Оқу-әдістемелік орталық
Біз туралы
SDU University оқу-әдістемелік орталығы университеттің әкімшілік бөлімі болып табылады. Орталықтың негізгі қызметі – білім беру және методологиялық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу. Орталықтың жұмысы тікелей ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқаулықтары мен хаттамаларының, SDU University-дің ережелері мен бұрықтарының, Ғылыми Кеңестің шешімдері негізінде жүргізіледі. Орталықтың мақсаты – кәсіби мамандарға әлеуметтің заманауи сұранысына сай білім берудің сапасын көтеру. .






Қызметіміз
Оқу-әдістемелік орталық университетте оқытылатын барлық пәндер мен курстардың мазмұны мен сапасын жақсартуға көңіл бөледі. Орталықтың мақсаты – барлық факультеттердегі оқу процесстерін, куррикулум мен мазмұнын, оқыту сапасын бағалау.
Бұл бағалауды Оқу-әдістемелік орталық пен Сапаны бағалау Департаменті бірлесіп дайындайды.
Орталық жұмысының тағы бір бағыты – магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлерінің үздіксіз дамуы мен кәсіби-ғылыми дағдыларын дамытуға көмектеу. Ғылым едпартаменті мен Мансап және кәсіби даму департаменттерінің бірлесе отырып УМЦ магистратура мен докторантура бағдарламалары білімгерлеріне, “Жас маман” бағдарламасының қатысушыларына семинарлар ұйымдастырады.