Құқық департаменті
Құқық департаменті Сулейман Демирел атындағы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасына, Университет Жарғысына және департамент туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Құқық департаментінің қызметтері
Университеттің құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғау.
Басшылықтың тапсырмасы бойынша заң тексерулерін жүргізу.
Университет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру.
Университет қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытынды беру, кеңес беру.
Құқықтық және басқа да мәселелерді қарау бойынша әр түрлі комиссиялар құрамындағы жұмыс.
Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сот және өзге де органдарда университеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету.
Университет жиналыстарына қатысу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша университет қызметкерлері арасында жұмыс жүргізу.
Нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу.
Құқық қорғау және сот органдарына беру үшін жалдамалы қызметкерлердің ұрлау, жұмыс орнын теріс пайдалану, кем шығу және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша тиісті ведомстволар дайындаған құқықтық құжаттаманы іске асыру.
Университетке келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу бойынша жұмыста заң көмегін көрсету, қызметкерлерге материалдық шығынды өтеу кезінде заңмен қарастырылған рәсімдер мен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету.
Заң сараптамасын жүргізу және жоба басшылығына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, шарттардың, келісімдердің және басқа да құқықтық құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру,сондай-ақ оларды дайындауға қатысу.
Университеттің ректорын, проректорларды және департамент басшыларының талабы бойынша қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.