Құрметті студенттер!
2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
– 2,75-тен жоғары GPA;
– B2 – деңгейінен (Upper-intermediate) төмен емес Ағылшын тілін меңгеру деңгейі
– 2-3 курста оқу
Дияр Нұрметов – Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті diyar.nurmetov@sdu.edu.kz Әлия Жүніс – Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультеті aliya.zhunis@sdu.edu.kz Бердак Байымбетов – Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті berdak.bayimbetov@sdu.edu.kz Талшын Баймулданова – СДУ бизнес-мектеп talshyn.baimuldanova@sdu.edu.kz
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) ағымдағы үлгерімі туралы Транскрипт (Student ‘ s service center-ден алу қажет; ssc@sdu.edu.kz);
2) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады): шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат; IELTS 6.0 және одан жоғары сертификаты, continuing Education Center SDU (cec@sdu.edu.kz) тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес)
CEC емтиханы 2022 жылғы 24 қыркүйек күні өтеді.
10:00 – 13:00 жазбаша емтихан
14:00 – 18:00 ауызша емтихан
Өзіңізбен бірге:
Жеке куәліктің түпнұсқасын
Қалам немесе қарындаш
Студенттік карта
+77755952215
Форманы толтыру сілтемесі
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (өтініш)
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша халықаралық кеңсеге хабарласуыңызды сұраймыз: iro@sdu.edu.kz