Skip to content

Басшылық

Давронжон Гаипов, PhD

Ректор

Давронжон Гаипов – Сулейман Демирель атындағы Университеттің ректоры. Ректордың құзіретіне оқу орнын  басқару, университеттің операциялық, академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін қадағалау, сондай-ақ академиялық мақсаттарды қолдау, халықаралық академиялық ынтымақтастық, студенттерге қызмет көрсету, кітапхана және ақпараттық технологияларды қолдау бойынша барлық процестерді бақылау кіреді. 

Андрей Богданчиков, PhD

Оқу істер жөніндегі проректор

Андрей Богданчиков – Сулейман Демирель атындағы университеттің академиялық істер  жөніндегі проректоры. Оның міндетіне факультеттерге, халықаралық қатынастар офисіне, білімгерлерге қызмет көрсету офисіне академиялық қолдау көрсету кіреді.

Али Кочак, PhD

Әкімшілік істер жөніндегі проректор

Али Кочак – Сулейман Демирель атындағы университеттің әкімшілік істер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне қызметкерлерді басқару департаменті, маркетинг департаменті, IT-қолдау, автоматтандыру, құқықтық қызмет, техникалық қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын үйлестіру, басқару және қадағалау кіреді. Проректор университет инфрақұрылымының дамуына жауапты негізгі қызметкер. 

 

Қайрат Молдашев, PhD

Ғылыми зерттеулер жөніндегі проректор

Қайрат Молдашев – Сулейман Демирель атындағы университеттің академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне ғылыми процестерді үйлестіру , факультеттер мен университеттің ғылыми бөлімдеріне, ғылыми кітапханаға академиялық қолдау көрсету кіреді.

Алмат Жайлаубаев

Қаржы жөніндегі проректор

Алмат Жайлаубаев – Сулейман Демирель атындағы Университеттің қаржы жөніндегі проректоры. Оның міндетіне бизнес-процестерді басқару, стратегиялық даму, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдармен арақатынастарды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер кіреді. Проректор университеттің қаржылық қызметін бақылайды.

Малик Сатаев, MA 

Әлеуметтік даму жөніндегі проректор

Малик Сатаев – Сулейман Демирель атындағы Университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры.  Оның міндетіне әлеуметтік бөлімнің, мансап бөлімінің және білімгерлерді орналастыру бөлімінің жұмысын басқару және үйлестіру кіреді. Малик Сатаев тәртіптік және консультативтік кеңестің төрағасы болып табылады. Ол сондай-ақ университеттің тәртіптік-тәрбиелік және бұқаралық өміріне жауап береді.

 

Еркін Шаймерденов

Ректор аппаратының басшысы

Еркін Шаймерденов – Ректор аппаратының басшысы. Ол арнайы жобалар, бастамалар мен атқарушы мәселелер бойынша кеңесші болып табылады. Қамқоршылар Кеңесінің хатшысы қызметін атқарып, кеңестің мүшелер арасындағы қызметтік қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: