Жиі қойылатын Сұрақтар
СДУ барлық ашық бос орындар біздің сайтта және басқа бос орындар сайттарында жарияланады. Осы орайда, Сізді жұмысқа қабылдау не қабылдамау мәселесін мекеме басшылығы өз еркімен шешеді, себебі қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау еркіндігі беріледі. Бос орындар бойынша (hr@sdu.edu.kz электорнды поштасы арқылы түйіндеме жібере аласыз). Егер Сіз талаптарға сай келсеңіз, сізді әңгімелесуге шақырады.
Жұмыс уақыты кадрлар бөлімі – 09: 00-ден 18.00-ге дейін
- Жеке куәлік/паспорт көшірмесі
- Дипломның көшірмесі қосымшамен (шетелдік үлгідегі диплом болған жағдайда дипломның нотариалды аудармасы)
- Шетелдік үлгідегі диплом болғанда ғылыми дәрежесін растау (нострификация)
- Фото сурет 3*4 – 2 дана
- Сотталмағандығы туралы анықтама
- Медициналық кітапша (2020 жылғы 16 қарашадағы №ҚР ДСМ-196/2020
- Еңбек кітапшасы (еңбек өтілі барлар үшін)
- Әскери билет немесе тіркеу куәлігі (әскери міндеттілер үшін)
- Halyk Bank IBAN есеп шотының нөмірі
- Психо және наркодиспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
- Вакцинация паспорты
- IELTS, СELTA, TOEFL -сертификатытары (бар болса)
PMS порталы – қызметкерлерге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Бұл жерде қызметкер білім беру жүйесіне қатысты барлық қызмет түрлерімен таныса алады. СДУ-ға жұмысқа орналасқан кезде барлық қызметкерлерге жеке ID код беріледі, оның көмегімен жұмыскер дербестендірілген интерактив ресурстарға, оқу материалдарына кез-келген жерден қол жеткізе алады. Қызметкерт академиялық операциялар, оқытылатын пәндерді тіркеуге, жеке оқу жоспарын дайындауға, университеттің ішкі ережесі мен тәртіптерімен танысуға, пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, жеке тапсырмаларын, ағымдағы және қорытынды бағаларды енгізуге, техникалық қолдауға хабарлама жіберуге мүмкіндігі бар.
Порталға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Автоматтандыру департаментіне хабарлассаңыз болады.
Ішкі номер: 220
Сілтеме: https://pms.sdu.edu.kz
BPM – негізгі академиялық және әкімшілік жүйеленген процестерді бастауға, бақылауға арналған құжат айналым жүйесі. 50-ден астам процестер өзгертіліп, қолданысқа енгізілген.
Сілтеме: https://bpm.sdu.edu.kz
Тұрақ талонын алу үшін сізге кадрлар бөліміне келіп, сіздің автокөлігіңіздің техникалық паспортын алып, сондай-ақ ұялы телефоныңыздың нөмірін қалдыру қажет. Кадрлар бөлімі құжаттың скан нұсқасын және қауіпсіздік бөліміне тапсырады. Талон дайын болған жағдайда, қауіпсіздік бөлімінен тұрақ талонын ала аласыз.
PMS порталында Әкімшілік және Академиялық процесстерге қатысты ережелері жүктелген.
Сілтеме: https://pms.sdu.edu.kz/index.php?mod=rules
СДУ-да IT Helpdesk арқылы https://helpdesk.sdu.edu.kz – техникалық қызмет көрсетудің, қолданушылардың компьютер, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты мәселелерін шешудің ақпараттақ жүйесі істейді.
Катридж толтыру, принтер, компьютер, телефон, антивирус және т.б. мәселелері бойынша өтінімдерін IT helpdesk арқылы шешсе болады.
Университетке қатысты іс-шаралардың ұйымдастыру процессінде Дизайнер жұмысын BPM-де “Маркетинг департаменті” бөлімінде “Дизайнға тапсырыс” өтінімін толтыру қажет.
BPM жүйесі арқылы “Start Process – Зал сұрату” өтінім толтыру қажет.
Кадр бөлімі (кабинет B203) сізді жұмысқа тіркегеннен кейін бірінші күні SDU ID Card беретін болады.
Ол қызметтік куәлік арқылы:
- Университет аумағына кіруге рұқсат (жұмысқа келіп, кеткен уақыт тіркеледі)
- Кітапханадан кітап алу
- Асханада тамақ ішу
- Copy & Print қызметін қолдану
СДУ счетына Kaspi.kz немесе Halyk қосымшалары арқылы 2000 тг төлеп, Кадр бөліміне барып картаңызды қайта шығартсаңыз болады (кабинет B203).
AC catering офисіне барып, сол жерде сізді базаға қосқаннан кейін түскі асты 50% жеңілдікпен іше аласыз.
BPM жүйесі арқылы “Шаруашылық қызметке тапсырыс” беру, қызмет түрі “Көфте зона” өтінім толтыру қажет. Егер өтінімдегі көрсетілген уақыт кезі бос болса, қолданысқа беріледі.
Автотұраққа рұқсат қағазы Кадр бөлімінен беріледі. Ол үшін Автокөліктің техпаспортының түпнұсқасын өткізгеннен кейін рұқсат қағазы 2 жұмыс күні ішінде дайын болады. Рұқсат қағазы қызметкерлердің сағат 8.00-20.00 арасында университет аумағында кіріп-шығуына және автотұраққа көлік қоюына мүмкіндік береді.
Иә, Сіз ескі талонды өткізіп, жаңа көлік үшін жаңа тұрақ талонын ала аласыз.
Университетте қызметкерлерімізге тегін психологиялық қызмет беру орталығы жұмыс істейді, егер де көмек алғыңыз келсе G316 кабинетіне барып психологтармен уақытын келіссеңіз болады.
Еңбекақы әр айдың 10-на дейін беріледі.
Демалыс түрлері:
1. Жыл сайынғы кезекті ақылы демалыс
2. Қысқа мерзімді әлеуметтік демалыс (өте жақын туысым науқастанды, әйелім босанды, жақын туысым қайтыс болды, үйленемін/тұрмысқа шығамын)
3.Шығармашылық демалыс
Демалысқа неше күнге шығатыңызды Кадр бөлімі санап бере алады.
Демалысқа шығу өтінімін BPM-нің “HR департаменті” бөлімінде толтырады.
Жолдама бағдарламасы – Университет қызметкері вакансияларға, кәсіби біліктілігіне толық сенімді болса, кандидаттарды ұсына алады. Ұсыну жолымен келген адамды “жолдама” деп атайды. Сынақ мерзімін сәтті өткен жағдайда жолдама үшін қызметкерге сыйақы берілетін болады. Сондықтан егер сіздерде біліктілігі жоғары кәсіби таныстарыңыз болса, онда келесі ссылка бойынша HR recruiter-ге түйіндемесін тапсырсаңыздар болады. https://forms.gle/gmECkXvthzXUinMB6
Міндетті түрде ол резюмелерді қарастыратын боламыз.
Вакансияларды sdu.edu.kz сайтынан қарай аласыздар.
Келесі сілтеме арқылы жүктеп алсаңыз болады https://clck.ru/sMDvN
Әр айдың 16-нан бастап BPM-нің Қаржы/Есеп бөлімі бөлімінде “Аванс сұрау өтінішін” толтырасыз.