Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығы
Орталық 2020 жылы денсаулық сақтау саласындағы саясат пен басқару мамандарына, оқытушыларға, ғалымдарға және шешім қабылдаушыларға жергілікті, аймақтық және жаһандық деңгейде білім және тәжірибе беру мақсатында құрылған.
Зерттеу және сараптама бағыттары:
- Көшбасшылық және адам ресурстарын басқару
- Стратегиялық жоспарлау және операциялық зерттеулер
- Бизнес үшін тұрақтылық
Мақсат
SDU University негізіндегі сараптаманы жергілікті, аймақтық және жаһандық қауымдастық қажеттіліктеріне нақыштаған жоғары сапалы және тиімді медициналық қызметтерге, әл-ауқат пен қоғамдық денсаулықты жақсартуға байланыстыру.
Міндеттер
– Денсаулық сақтау саясаты және менеджменті саласы бойынша СДУ бакалавриат және магистратура студенттерін тәжірибе беру, оқыту және зерттеу үшін қажет ресурстармен қамтамасыз ету
– Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дәлелдерді және жаңа идеяларды біріктіру
– Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен технологияларды күшейту.
КОМАНДА
Бизнес және экономика мектебінің оқытушылары
Нуржан Мукашев
д.м.н. МЗСА, директор
Айнур Абдразакова
PhD
Бибижамал Амангельди
MSC
Іс-шаралар
- 2023 жылдың 24 қарашасында SDU University Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығы Астанада өткен Денсаулық сақтау менеджерлерінің ІІІ форумында демонстрациялық презентация жасады.
- 2024 жылдың 2 наурызында Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес-аналитика: Қоян тесігі қаншалықты терең?» тақырыбында вебинар өткізді. SDU University Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығының директоры, доцент Нұржан Мұқашевтың спикер ретінде қатысты. Ол денсаулық сақтау ұйымдарындағы білімді басқару принциптері туралы айтып, компаниялардағы заманауи бизнес-аналитика құралдарының мысалдарын келтірді.
- 2024 жылдың 28 наурызында SDU University Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығының директоры директоры, доцент Нұржан Мұқашев «Дәлелдер синтезі: академик жол картасы» тақырыбында практикум сабағын өткізді.
- 2024 жылдың 30 наурызында SDU University Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығының директоры «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы цифрлық трансформация» вебинарын өткізді.
- 2024 жылдың маусым айында SDU-да «Дәлелдер синтезі: академиялық жол картасы» атты жас ғалымдардың семинар-тренингін өткізілді.
Рабочий план
План (на 2023-2024 учебный год): В поисках новых возможностей для финансирования исследований
Публикации
Текущий проект: Оценка компетенций менеджеров здравоохранения в Казахстане
Жұмыс жоспары
2024-2025 ж.ж Академиялық оқу жылы на жоспар
Жұмыс атауы
|
Мерзімі
|
Нәтиже
|
---|---|---|
KAZ MHES GF зерттеу грантына өтініш беру
|
қыркүйек - қараша 2024
|
Грант өтініші
|
KAZ MHES жас ғалым зерттеу грантына өтініш беру
|
қараша - желтоқсан 2024
|
Грант өтініші
|
SDU ішкі зерттеу гранты сайысына өтініш беру
|
Қаңтар 2025
|
Грант өтініші
|
SDG-ге қатысты зерттеу және білім беру іс-шарасын өткізу үшін жергілікті, ұлттық және жаһандық SDG мүдделі тараптарымен (SDSN Kazakhstan, университеттің SDG орталықтары) бірлесіп жұмыс жасау
|
Қыркүйек 2024 - Мамыр 2025
|
Ақпарат, іс-шаралар жоспары
|
SDU профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар үшін зерттеу әдістері бойынша екі семинар өткізу
|
Қараша 2024, Сәуір 2025
|
Воркшоп/семинар
|
SDU Бизнес мектеп магистр студенттеріне практикалық сабақтарын өткізу
|
Қыркүйек 2024 - Мамыр 2025
|
Баяндама
|
Байланыс
SDU Денсаулық сақтау, саясат және басқару орталығының директоры Нұржан Мұқашев
Каскелен, Абылай хана көш. 1/1
Электрондық поштасы: nurzhan.mukashev@sdu.edu.kz