Әлімжан Игенбаев
Ректор
- Ішкі нөмір (101)
Әлімжан Игенбаев – SDU University ректоры. Ректордың құзіретіне оқу орнын басқару, университеттің операциялық, академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін қадағалау, сондай-ақ академиялық мақсаттарды қолдау, халықаралық академиялық ынтымақтастық, студенттерге қызмет көрсету, кітапхана және ақпараттық технологияларды қолдау бойынша барлық процестерді бақылау кіреді.
Давронжон Гаипов
Бірінші проректор
- Ішкі нөмір
Давронжон Гаипов – SDU University-дің Бірінші проректоры. Университеттің академиялық және ғылыми қызметін үйлестіруге, білім беру бағдарламаларының сапасын бақылауға, профессор-оқытушылар құрамымен жұмыс істеуге, халықаралық академиялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және аккредитация ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты.
Андрей Богданчиков
Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор
- Ішкі нөмір (121)
Андрей Богданчиков – SDU University-дің Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры. Университеттің даму стратегиясын іске асыру және оның орындалуын бақылау, білім беру процесіне цифрлық шешімдерді енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту және IT-жүйелерді дамыту, сондай-ақ ішкі сапа қамтамасыз ету жүйесіне жауапты.
Нұркен Акимов
Әкімшілік істер жөніндегі проректор
- Ішкі нөмір (201)
Нұркен Акимов – SDU University әкімшілік істер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне университеттің кадр саясатын және материалдық-техникалық базасын жоспарлау, университеттің бренд менеджментін қадағалау кіреді.

Мақсат Қалыбек
Ғылыми зерттеулер жөніндегі проректор
- Ішкі нөмір (181)
Мақсат Қалыбек – SDU University академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне ғылыми процестерді үйлестіру , факультеттер мен университеттің ғылыми бөлімдеріне, ғылыми кітапханаға академиялық қолдау көрсету кіреді.
Абзал Оразалиев
Қаржы жөніндегі проректор
- Ішкі нөмір (161)
Абзал Оразалиев – SDU University қаржы жөніндегі проректоры. Оның міндетіне бизнес-процестерді басқару, стратегиялық даму, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдармен арақатынастарды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер кіреді. Проректор университеттің қаржылық қызметін бақылайды.
Мұхаммедали Ибрагимов
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор
- Ішкі нөмір (241)
Мұхаммедали Ибрагимов – SDU University әлеуметтік даму жөніндегі проректоры. Оның міндетіне әлеуметтік бөлімнің, мансап бөлімінің және білімгерлерді орналастыру бөлімінің жұмысын басқару және үйлестіру кіреді. Мұхаммедали Ибрагимов тәртіптік және консультативтік кеңестің төрағасы болып табылады. Ол сондай-ақ университеттің тәртіптік-тәрбиелік және бұқаралық өміріне жауап береді.

Диас Жұмаділов
Ректор аппаратының басшысы
- Ішкі нөмір (104)
Диас Жұмаділов – Ректор аппаратының басшысы. Ол арнайы жобалар, бастамалар мен атқарушы мәселелер бойынша кеңесші болып табылады. Қамқоршылар Кеңесінің хатшысы қызметін атқарып, кеңестің мүшелер арасындағы қызметтік қарым-қатынасты жүзеге асырады.