COVID-19 жағдайына байланысты SDU кітапханасы шектеулі қызмет көрсетеді және келушілерден әлеуметтік қашықтықтық пен санитарлық шараларын сақтауын сұрайды. Сау болыңыз! Аман болыңыз!
Кітапхана қорлары мен нысандары
КІТАПТАР
Ғылыми Кітапханада шамамен 400 000 кітап бар. Оқырмандар қазақ, ағылшын, орыс, түрік, корей, қытай және басқа да тілдерде қол жетімді түрлі жинақтарды таба алады. Сонымен қатар, СДУ Кітапханасында математика, физика, экономика, химия, биология бағыттары бойынша жіктелген ғылыми кітаптар жинағы бар. Ағылшын тіліндегі әдебиеттер журналистика, маркетинг, саясат, психология және басқа да салаларды қамтиды.
ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР
Кітапханада 1500-ге жуық электронды кітаптар бар. Жинақ Ғылым және Әдебиет кітаптарынан тұрады.
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР
Мерзімді басылымдар – үнемі басылып шығарылатын шығармалар. Оларға күнделікті газеттер, апталық жаңалықтар журналдар, айлық журналдар жатады.
Әр бейсенбі сайын Кітапханаға шамамен 20-50 мерзімді басылымдар келеді.
ЭЛЕКТРОНДЫ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
Қашықтықтан оқыту кезінде Кітапхана оқырмандарға электрондық ресурстарды уақытша және тұрақты жазылу түрлері ретінде ұсынады. СДУ Кітапханасының қазіргі дерекқорына EBSCOhost, РМЭБ және ұлттық лицензиясы бар Elsevier, SpringerLink, Thomson Reuters мәліметтер базасы кіреді. Пайдаланушылар домендік электрондық пошта мекен-жайына (sdu.edu.kz) тіркеліп, мәліметтерге қашықтан қол жеткізе алады.