Университетке қолдау көрсетудің 7 себебі
1. Mиссия
Біз жаңа миссия қабылдадық. Университет алдағы 5 жылға арналған жаңа даму стратегиясын бекітті, осыған сәйкес біз Орталық Азиядағы жетекші ғылыми- зерттеу университеті болуды көздеп отырмыз.
2. Aмбиция
Студенттер төлейтін оқу ақысы тек университеттің операциялық бюджетін ғана жабады. Біз курс бағдарламаларын кеңейтуді, озық ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, мұқтаж отбасыларынан шыққан студенттерге стипендия беруді, оқытушыларға шет елдерде біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік беруді, шетелдік профессорларды тартуды, кампустарда көркем, мәдени және спорттық қызметті қолдауды жоспарлап отырмыз.
3. Бюджет қаражатын тиімді бөлу
Біздің студенттеріміздің 60% – ы мемлекеттік гранттардың иегерлері. Өкінішке орай, мемлекеттік грант студенттердің толық оқу құнын өтемейді, оқудың қалған бөлігін университет өз қаражаты арқылы жабады.
4. Мүмкіндіктер
Біздің студенттердің көпшілігі қаржылық көмекке мұқтаж. Біз СДУ пәндік тестілеуінде ең табысты нәтиже көрсеткен талапкерлерге толық және жартылай гранттар береміз. Біздің студенттеріміздің 15% – ы университеттен қаржылай көмек алады.
5. Коммерциялық емес ұйым
Біздің университет құрылған сәттен бастап коммерциялық емес ұйым болып табылады. Университет кірістері акционерлер арасында бөлінбейді; оның орнына барлық кірістер университеттің дамуына инвестицияланады.
6. Сенім
Қазақстанның үздік талапкерлері СДУ-да білім алуға тырысады. 2019 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша 100-ден астам ұпай жинаған 5000 студенттің 1117-і біздің университеттің білім бағдарламаларына оқуға түсті.
7. Мұра қалдырыңыз
Қайырымдылық жасай отырып, сіз студенттерге инвестиция және болашақ ұрпақ үшін қалатын мұра қамтамасыз етесіз. Біз әлемге оң әсер етуге бағытталған ертеңгі күннің болашақ көшбасшыларына арналған әрбір қайырымдылық түрін қолдаймыз.