ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. КОММУНИКАЦИЯ

Орталық туралы
«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» ғылыми зерттеу орталығы 2023 жылы оның негізін қалаушы профессор З.К. Ахметжанованың құрметіне SDU University қаржылық қолдауымен ашылды(протокол № 8 Ғылыми Кеңес шешімі, 30.01.2023).
Біздің миссиямыз бен көзқарасымыз – Тілдерді оқыту кафедрасы мен Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуетін дамытып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген ынтасын арттыру.
Біздің зерттеушілер тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынастың өзара байланысын ашуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, мақалалар жариялайды, ғылымды насихаттайды.
Мақсаттары мен міндеттері
- Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған іс-шараларды (ғылыми семинарлар, мастер класстар, дөңгелек үстелдер, конференциялар) өткізу;
- Білім беру зерттеулері саласында тәжірибе алмасуға және хабардарлықты арттыру мақсатында шетелдік және отандық әріптестерді шақыру;
- Магистранттарға ғылыми-зерттеу практикасын өткізу арқылы отандық ЖОО-мен серіктестік орнату;
- Ғылыми орталықты дамыту үшін ғылыми жобаларға гранттар тарту;
- Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту;
- Жас профессорлық-оқытушылық құрамның ғылымға деген қызығушылығын арттыру және ғылыми зерттеулерді танымал ету;
- Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында барлық деңгейдегі студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту;
- «СДУ Хабаршысы: Педагогика және филология» журналын дамытуға үлес қосу;
- Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлескен ғылыми мақалалар жазу;
- Факультет магистранттарымен және докторанттарымен бірлескен басылымдар шығару.
Сауле Тулепова
Орталықтың меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, “Тілдік білім беру” кафедрасының ассистент профессоры
С. Тулепова СДУ-да 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Осы кезеңде «Шетел тілі: екі шет тілі» бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының координаторы, сонымен қатар Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Магистратура мен докторантурада «Академиялық жазу», «Ағылшын тілінің тереңдетілген грамматикасы», “CLIL and PBL in higher education” сияқты пәндерден сабақ береді.
Гульнара Неталиева
Центр көмекшісі
СДУ түлегі және «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс магистранты. Imperial English UK-де онлайн форматта өткен «British TESOL Program» атты қосымша дайындықты сәтті аяқтады. Жеке оқытушы, яғни репетитор ретінде тәжірибесі бар;
СДУ қабылдау комиссиясында талапкерлер мен олардың ата-аналарына кеңес беру тәжірибесі бар. Студенттік жылдары СДУ-дағы «Еріктілер лигасы» клубының мүшесі болып, ардагерлерге гуманитарлық көмек көрсету, Алматы марафоны және басқа да жобаларға қатысты.
Іс-шаралар
Ғылыми орталықта ғылыми-зерттеу семинарлары өткізілді.
02. 2023 жылы орталық меңгерушісі С. Тулепова Педагогикалық-гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары үшін «Ғылыми және “жыртқыш” журналдар: біз нені білуіміз керек» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Семинар барысында С.Тулепова өзінің мақаласын ғылыми журналда жариялау барысында алған тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми және “жыртқыш” журналдардың айырмашылығы, метрикалар туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылар мақала тақырыбын дұрыс құрылымдау бойынша әр түрлі практикалық тапсырмалар орындап, журналдар мен басылымдарға қатысты мәселелерді талқылады.
2023 жылдың 23 ақпанында педагогика ғылымдарының докторы, СДУ қауымдастырылған профессоры Г.М. Қасымова «Мәдениетаралық коммуникация зерттеулеріндегі сапалық әдістер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Профессор мәдениетаралық коммуникация саласында сапалы әдістер арқылы зерттеулер жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, мазмұнды баяндама жасады. Семинар барысында жиналғандарды сапалы талдау әдістерін жүргізу құралдары қызықтырды, сондай-ақ осындай талдау үшін бағдарламаларды сатып алу мүмкіндіктері талқыланды.
Басылымдар
Авторлары: Ордабекова Х., Тулепова С., Жолшаева М., Куркебаев К.
Бұл мақалада қазақ тіліндегі «қасқыр, бөрі» сөздері бар фразеологизмдерді, сөз тіркестерді, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді және осы компонентпен дәйексөздерді зерттеу арқылы осы ұғымдардың концептуализациясы талданады. «Қасқыр» ұғымының образдық-ассоциативті және бағалаушы мағынасын анықтау мақсатында концептуалды талдау жүргізілді. Қазақтардың тілдік санасындағы бұл ұғымның когнитивтік моделін ұсыну арқылы оның концептуализациясы көрсетіледі, «бөрі» ұғымының ассоциативтік сипаты мен оның жалпыадамзаттық, дүниетанымдық және этномәдени ерекшеліктері көрінеді. «Қасқыр» ұғымының қазақтар әлемінің ұлттық-тілдік бейнесін көрсететін әр түрлі концептуализациялары бар екені, сонымен қатар жағымды және жағымсыз коннотациялар туғызатыны анықталды.
Күні | Өткізілетін іс-шара | Қатысушылар | Құжаттарға сілтемелер |
1 aй сайын | Ғылыми семинарлар өткізу | Факультет ПОҚ, магистранттар, докторанттар | Семинарлар бағдарламасы |
Жылына 2 рет | ЖОО жетекші профессорларын семинар өткізуге шақыру | Факультет ПОҚ, магистранттар, докторанттар | Шақыру хат формасы |
Жыл бойы | Шетелдік зерттеушілермен бірлескен ғылыми жобаларға қатысу | Факультет ПОҚ, магистранттар, докторанттар | Келісім хат |
20.04.2025 (жылына 1 рет) | Ғылыми жобалар жарысы | 1, 2 курс магистранттары Барлық мамандықтар | Жарыс бағдарламасы |
Қазан, қараша айларында | Қазылар алқасы ретінде НЗМ, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар арасындағы желілік конкурстың ғылыми жобаларын бағалауға қатысу. | Факультет ПОҚ | |
Жылына 1 рет | Дөңгелек үстел ұйымдастыру | Факультет ПОҚ, магистранттар, докторанттар | |
1 семестр | 2 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру | 2 курс магистранттары | Практика бағдарламасы |
1 семестр | Дипломдық, магистрлік жұмыстар үшін тақырыптар ұсыну, талқылау | ||
Жыл бойы | Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелген журналдардағы бірлескен жарияланымдар | ||
Жыл бойы | ВАК, SDU Хабаршысы журналдарында магистранттармен және докторанттармен бірлескен жарияланымдар. SDU хабаршысы: Педагогика және филология сериясын насихаттау | ||
Байланыс
“Тіл. Мәдениет. Коммуникация” зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан к-сі, 1/1 | Ғылыми орталық меңгеушісі ФИО: Сауле Тулепова | Ассистент ФИО: Гульнара Неталиева |