СӨЗ ӨНЕРІ

Орталық туралы
«Сөз өнері» зерттеу орталығы SDU University-дің ғылыми кеңесінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні (хаттама № 8) бекітілген.
Аталған орталықтың басты мақсаты – тіл мен әдебиет, педагогика, мәдениет, жалпы руханият саласында іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізу. Авторлық жобалар ұсыну, ғылыми орта қалыптастыру, педагогика және филология бағытындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарын нығайту. Сондай-ақ, «Сөз өнері» зерттеу орталығы қазақ халқының мәдениетін, тілі мен әдебиетін, рухани мұрасын өзге елдерге таныту мақсатында Қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасайды.
Мақсаттары мен міндеттері
- Ғылыми- әдістемелік бағыттағы жобаларды іске асыру;
- Ғылыми -әдістемелік семинар, конференциялар, қонақ дәрістер өткізу;
- Педагогикалық бағыттағы тренигтер өткізу;
- Ғылыми еңбектердің жарық көруіне, ғылыми -әдістемелік зерттеу жұмыстардың дамуына ықпал ету;
- Танымдық әрі шығармашылық бағыттағы іс шараларды ұйымдастыру;
- Жас ғалымдардың, креативті жастардың дамуына қолдау көрсету.
Баян Керімбекова
Орталықтың директоры
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Негізгі зерттеу нысаны: рухани даму, педагогика, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар, жазу өнері, т.б.
– 2015ж. Түркияның Ататүрік университетінде тағылымдамадан өтті (2 апта).
– 2018. Оңтүстік Кореяның Ханкук университетінде тағылымдамадан өтті (2 апта).
– Мақалалары қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде Қазақстандық, шетелдік басылымдарда жарық көрген.
– «Поэма жанрын талдау жолдары», «Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы идеялық-көркемдік ізденістер», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Әдебиет сабағында қолданылатын ойындар мен тапсырмалар», «Kazak Edebyatında metinler» т.б. еңбектердің авторы;
– Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының (5,6,7,9 сынып) авторы.
– «ЖОО Үздік оқытушысы» 2017 атағының иегері.
Ғазиза Отарбаева
Ассистент
PhD, «Қолданбалы филология» мамандығының БББ жетекшісі
Гүлжайна Нұрманова
PhD, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының БББ жетекшісі
Ақбота Абиыр
Магистр-оқытушы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистратура бойынша БББ жетекшісі
Айжарық Сұлтанкожа
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1- курс магистранты, зерттеу орталығының ассистенті
Жібек Серікбек
«Қолданбалы филология» мамандығының 1- курс студенті, зерттеу орталығының ассистенті
|
Ұйымдастырушы/ Қатысушылар | Мерзімі | |
---|---|---|---|
Алаштың үш арысы – С. Сейфуллин, Ж. Аймауытұлы, Б. Майлиннің мерейтойларына арналған «Алаш зиялыларын оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері» атты мектеп мұғалімдеріне арналған семинар. Нәтижесінде үздік баяндамаларды іріктеп, электоронды жинақ шығару. |
«Сөз өнері» орталығы/ Факультет ПОҚ; студенттер | Қазан- қараша, 2024
Сертификат Кофе брейк |
|
Ұлт жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына орай РУХ TALKS рухани танымдық кездесу ұйымдастыру | Сөз өнері» орталығы мен «Қыр баласы» қоғамдық қоры/ Факультет ПОҚ; студенттер | 18 қазан, 2024 жыл Өткізілді | |
«Әдебиетте қанша сюжет бар?» («Абыл мен Қабыл» романы бойынша) жазушы, журналист Мақсат Мәлікпен қонақ дәріс | «Сөз өнері» орталығы/ Факультет ПОҚ; студенттер | 14 қараша , 2024 жыл. | |
«Қаныш және ғылыми майдан» Академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай кездесу ұйымдастыру. Спикер – «Қаныш және мәдени майдан» кітабының авторы Санжар Керімбай | «Сөз өнері» орталығы мен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры/ Факультет ПОҚ; студенттер | 28 қараша , 2024 жыл. | |
«Балаларға базарлық»
Факультетіміздің студенттері арасында балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгіме жазудан конкурс ұсйымдастыру (Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай).
Нәтижесінде таңдамалы жинақ шығару |
«Сөз өнері» орталығы/ Факультет ПОҚ; студенттер | 29 қараша , 2024 жыл.
Сыйлықтар: Бас жүлде – 1 І орын -1 ІІ орын- 1 ІІІ орын – 1 Жинақ мүмкін электронды |
|
«Педагогика, филология ғылымдары бойынша Скопусқа қалай мақала жариялаймыз?»
Ғылыми семинар |
«Сөз өнері» орталығы/ Факультет ПОҚ; студенттер | Желтоқсан . 2024 жыл | |
Қазақстандағы реформатор ұстаздар жайлы шағын видео роликтер дайындау.
Нәтижесін оқыту ісінде пайдалану |
Сөз өнері» орталығы/ магистранттар, студенттер | Наурыз 2025
Мобилограф қызметіне төлем |
|
Ұстаз бен шәкірт
Факультеттегі ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған ғылыми және шығармашылық өніміне конкурс өткізу. Нәтижесінде мақала, әдістемелік құрал, сөздік, т.б. түрінде өнім жасалып, басылым көреді |
«Сөз өнері» орталығы/ Факультет ПОҚ; студенттер | Сәуір 2025
Ғылым күнінде нәтижесін ұсыну
Ынталандыру сыйлықтары |
|
Түрлі семинарлар, қонақ дәрістер қажеттілікке қарай ұйымдастырылады. | «Сөз өнері» орталығы/ Оқытушылар мен факультет студенттері | Белгілі бір мөлшерде қонаққа сыйлыққа, тамаққа деп бюджет қарастырылса | |
«Жазу өнері» пәні бойынша студенттердің әңгімелерінен шағын кітапша жасап, сайтқа орналастыру | «Сөз өнері» орталығы/ студенттер | Қаңтар 2024 ж. 6 Қараша | |
«Әдебиеттану терминдер сөздігін» құрастыру | «Сөз өнері» орталығы/ мектеп мұғалімдері | Жаз айлары. 2025 |
Байланыс
«Сөз өнері» зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан к-сі, 1/1 | Орталық басшысы/директоры Аты-жөні: Керімбекова Баян Дәулетханқызы | Көмекшісі Айдана Нұрланқызы – Жас маман Жанерке Әбдірахым – Жас маман |