Этикалық комиссия
СДУ Зерттеу Этика Сараптамасынан өту рәсімі
Білімгердің (Магистрант/Докторант) зерттеу жұмысы адамның қатысуымен болған жағдайда, немесе зерттеу объектілері ретінде жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері болған жағдайда, олардың құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғау үшін, білімгер келесідей реттілікте талаптарды (2-курстың 1 семестрінің аяғына дейін)орындауы қажет:
1. “Зерттеу этикасы үшін өзін-өзі бағалау” формасының 1-ші және 2-ші бөлігін толтыру.
2. Толтырылған форманы диссертациялық жұмыстың жетекшісіне және факультеттегі Этикалық Комиссия мүшесіне тексертіп, қолдарын алу.
3. Толтырылған “Зерттеу этикасы үшін өзін-өзі бағалау” формасына сәйкес:
3.1. Зерттеу жұмысы арнайы этикалық сараптаманы қажет етпесе, зерттеуші зерттеу жұмысын бастауына болады; (Толығымен толтырылған және барлық қолдар қойылған “Зерттеу этикасы үшін өзін-өзі бағалау” формасы білімгерде қалып, диссертациялық жұмысты қорғау барысында, құжаттармен қоса тапсырылуы қажет.);
3.2. Зерттеу жұмысы арнайы этикалық сараптаманы қажет ететін жағдайда – білімгер этикалық комитеттің сараптамасынан өтуі тиіс. Этикалық сараптамадан өтуі үшін, зерттеуші арнайы форманы толтырып, факультеттегі Этикалық комиссия мүшесіне өткізуі шарт.
3.3. Респонденттерден келісім алу үшін жазбаша мәлімдеу келісім-хат үлгісі қоса берілген.
4. Этикалық комиссияның отырысында талқыланады. Этикалық комиссияның қорытындысы 2 аптадан аспайтындай уақытта шығады.
5. Диссертацияны алдын ала қорғауға шығудың алдында білімгер Этикалық комиссия қорытындысының формасын 1-6 сұрақ аралығында толтырып, science@sdu.edu.kz поштасына жіберуі қажет.
Бұл пункт тек докторанттарға қатысты