Құжаттар
Нострификация
Қазақстан Республикасы Лиссабондық конвенцияға қол қойған, яғни елімізде оқуды қалайтын шетелдік үміткерлердің біліктілігі туралы құжаттардың күші бар. Лиссабондық конвенция туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: СДУ әлемнің әр түпкірінен келген студенттерді қабылдауға дайын. Университетке түсетін үміткердің шетелдік сертификат немесе дипломы бірінші семестрде нострификация рәсімінен өтуі керек: бұл Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 39-бабына сәйкес талап етіледі.
СДУ студенттерге нострификация процедурасы бойынша кеңестер мен қолдау көрсетуге дайын. Дегенмен, университет сертификат немесе дипломның нострификациядан өтуіне кепілдік бермейді. Болон процесі және Академиялық ұтқырлық орталығы нострификация жасамаған жағдайда студенттің алдында ешқандай жауапкершілік алмайды.
1 қадам:
Келесі құжаттарды алып келіңіз/сұратыңыз:
Апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы және оған қосымша / транскрипт
Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат
*1993 жылғы 22 тамыздағы Минск конвенциясына сәйкес ТМД елдерінде (Грузияны қоспағанда) алынған академиялық құжаттар апостиль жасау мен заңдастыруды қажет етпейді.
2 қадам: Келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аударып, жергілікті нотариуста нотариалды куәландіруден өткізіңіз:
Апостильденген немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы мен қосымшасы/транскрипт.
Паспортыңыздың көшірмесі (шетел азаматтары үшін 2 көшірме)
Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат
3 қадам:
Нострификация жарнасын төлеңіз
Жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім туралы құжаттар үшін 10 АЕК*
Техникалық немесе кәсіптік білім туралы құжаттар үшін 8 АЕК
Орта және жоғарғы орта білім туралы құжаттар үшін 6 АЕК
RGP “CBP&AM” MON RK
RTN 62020025636
BIN 050640004360 IIC KZ236010111000227192 AO Halyk Bank JSC BIC HSBKKZKX Kbe 16
4 қадам: Жеке идентификациялық нөміріңізді рәсімдеңіз (шетел азаматтары үшін).
Құжаттарды нострификацияға тапсырудың алдында шетелдік студенттер міндетті түрде жеке идентицикациялық нөмірді алуы керек. Оны алу үшін студент паспортының нотариалды куәландырылған кһаудармасын Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкелуі тиіс.
5 қадам: Келесі құжаттардың барлығын Қалыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкеліп тапсырыңыз:
Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған диплом мен оның қосымшасы/транскрипт.
Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылғанстуденттің паспорты
Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат (шет тілінде болса, оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі)
Жарнаның төленгені туралы түбіртек
Құжаттарды тапсыру үшін толтырылған өтінім.
Құжаттарға арналған папка
6 қадам: Құжаттарыңызды нострификацияға тапсырғаныңыз туралы құжатты алып, оны СДУ Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.
7 қадам: Халыққа Қызмет Көрсету Орталығынан дипломды нострификациялау процедурасының нәтижесін алып (ең ұзақ 3 айда дайын болады), СДУ Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.
ЖСН алу туралы
СДУға келетін шетел азаматтарының ЖСН алу процедурасы.
Университетте оқып жатқаныңыз туралы анықтаманы алу үшін СДУ-дің Студенттерге қызмет көрсету орталығына (Студенттік бөлімге) хабарласыңыз (анықтамалықүлгілерді көру үшін хабарландыру тақтасын қараңыз).
Паспортыңызды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін жергілікті нотариусқа хабарласуыңыз қажет (Қаскелеңдегі нотариустың мекен-жайлары: Қарасай батыр көшесі 2 (бұрынғы Пушкин) Ақ мешіттің жанында. Телефон номерлері: +7 727 371 47 29
Қаскелең қаласындағы Қарасай ауданының салық департаментінде керекті формаларды толтырып, сол жердегі қажет терезеге тапсырасыз (Салық департаментінің мекен жайы: Қаскелең қаласы, Тәуелсіздің көшесі 54А, Орталық базардың жанында, Телефон нөмірлері: +7 (72771) 2 17 55 ,2 15 31).
Назар аударыңыз! ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНДА КЕРЕКТІ ЖЕРГЕ ЖЕТКІЗЕТІН ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ БАР (такси қызметі тек қазақ және орыс тілдерінде) Телефон нөмірі: +7 701 232 00 88.