САПАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
SDU University жан-жақты және үздіксіз дамып отыратын Сапаны басқару жүйесі арқылы жоғары сапалы білім беруге ұмтылады. Үздіксіз жетілдіру мәдениетіне негізделген бұл жүйе оқу үдерістерін, ғылыми зерттеулерді және қоғаммен байланыс қызметін қамти отырып, Университеттің қызметі ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сай болуын қамтамасыз етеді.
Университеттің Сапаны басқару жүйесі келесі негізгі басымдықтарды көздейді:
- Білім беру бағдарламаларының сапасын тұрақты түрде арттыру;
- Университеттің тиімділігі мен қабылданған шешімдірдің ашықтығын қамтамасыз ету;
- Университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі беделін нығайту.
SDU университетінің білім беру бағдарламаларының 70%-дан астамы FIBAA, ACQUIN, ASIIN және IAAR сияқты танымал халықаралық агенттіктер тарапынан аккредитациядан сәтті өткен. Сонымен қатар, Университет ACCA, CFA, Microsoft секілді кәсіби сертификаттарды алу бағытында да белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, SDU University халықаралық FIBAA агенттігінің институционалдық аккредитациясынан өтіп, білім беру мен басқару сапасының халықаралық деңгейде танылғанын дәлелдеді.
Университеттің Сапаны басқару жүйесі стратегиялық жоспарлауға толықтай интеграцияланған және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мен деректерге негізделген шешім қабылдау үдерістерін қолдауға бағытталған.
Білімгерлердің пікірлері заманауи Explorance Blue платформасы арқылы өткізілетін анонимді сауалнамалар арқылы тұрақты түрде жиналады. Нәтижелер мұқият талданып, мүдделі тараптармен талқыланады және басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болады, бұл Университет қабырғасында тұрақты кері байланыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
SDU University сонымен қатар жүйелі түрде ішкі аудиттер өткізеді және ISO 9001 (Сапа менеджменті) мен ISO 27001 (Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті) халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған. Факультет/мектеп/орталық деңгейіндегі комиссиялар мен деректерге негізделген талдау құралдары шешім қабылдау үдерісінің децентрализациясы мен ашықтығына ықпал етеді.
Ашықтық пен үздіксіз жетілдіру қағидаттарына адалдығы аясында SDU University ұлттық және халықаралық университеттер рейтингтеріне белсенді қатысады. Рейтинг нәтижелері сапаны басқару жүйесінің тиімділігін, Университеттің академиялық деңгейінің жоғарылығын, ғылыми жетістіктерін және білімгерлердің қанағаттану деңгейін айқын көрсетеді.
Университетіміздің сапа кепілдігі рәсімдері студенттердің кәсіби дағдылар мен гуманистік құндылықтарға қанық азаматтар болуы үшін жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
SDU студенттерінің кәсіби дағдылары мен гуманистік құндылықтарының артуына ұсынылатын қызмет түрлерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары дәрежелі білім беруді қамтамасыз ету мақсатында сапа мониторинг механиз ппмдерін қолдану.
Университеттің білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде қызмет көрсету.
- Бағдарымыз
- Мақсатымыз
- Құндылықтарымыз