COVID-19 жағдайына байланысты SDU кітапханасы шектеулі қызмет көрсетеді және келушілерден әлеуметтік қашықтықтық пен санитарлық шараларын сақтауын сұрайды. Сау болыңыз! Аман болыңыз!
Біз туралы
Сулейман Демирел университетінің Ғылыми Кітапханасының миссиясы кітапхана және ақпараттық ресурстарға сапалы және тиімді қол жетімділікті қамтамасыз ету, сонымен қатар университеттің зерттеушілеріне, оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне сапалы қызмет көрсету арқылы СДУ-да білім мен ғылымның сапасын арттыруға ықпал ету.
СДУ Ғылыми Кітапханасы 1996 жылы ашылған және университеттің маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. SDU кітапханасы студенттерге, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар университет қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Онда кітаптар мен электрондық кітаптар жиынтығы, электронды мәліметтер дерекқорына жазылымдар мен уақытша сынақтар бар. Кітап жинақтары жыл сайын университеттің білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес, электронды басылымдар санының өсуіне байланысты жаңартылып отырады. Материалдар жергілікті танымал және халықаралық кітап сату желілерінен, баспалардан, ақпараттық агенттіктер мен компаниялардан сатып алынады.

Қызметкерлері
Кітапханашыға қандай сұрақ қойсаңыз да, олар сізге дұрыс жауап табады деп сене аласыз.
Пәндік кітапханашылар

Инженер және Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті
aigerim.abzalkhanova@sdu.edu.kz

СДУ Бизнес Мектебі Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультеті
aray.tlekeyeva@sdu.edu.kz

Мультидисциплинарлық Білім беру Орталығы
Ғылым Департаменті
akbope.sikinbayeva@sdu.edu.kz
Қашықтықтан оқыту форматында пәндік кітапханашылар келесі онлайн қызметтерді ұсынады:
Оқытушыларға:
- Оқытушыдан әдебиетті сатып алуға өтінімдерді қабылдау;
- Курс үшін қажетті материалдар мен қажетті ресурстарды іздеуде электрондық пошта арқылы кеңес беру;
- Дәріс кезінде немесе сабақтан кейін студенттерге онлайн тренингтер жүргізу арқылы оқытушылар курстарына қолдау көрсету. Онлайн тренинг Webex платформасы немесе жазбаша форматта беріледі.
Студенттерге:
- Курс үшін қажетті материалдар мен қажетті ресурстарды іздеуде электрондық пошта арқылы кеңес беру;
- Студенттер үшін онлайн тренингтер өткізу (Webex платформасы арқылы немесе бейне материал ретінде).
- Жазылған бейне YouTube арнасына жүктеледі және сілтеме арқылы таратылады.