
Рамиc Ахмедов
Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы
«Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне қош келдіңіздер!
Біздің мақсатымыз – сізге жоғары кәсіби деңгейде толыққанды және табысты тәжірибе алуға мүмкіндік беру. Осы мақсатта біз Қолданбалы математика, Компьютер ғылымы, Қаржылық математика сияқты курстар мен Beta Career сияқты бағдарламаларды ұсынамыз. Сонымен қатар Cisco, Red Hat, Oracle академияларының зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Біз студенттеріміздің белсенді, өз бетінше оқуға және топтық жобалық жұмыстарға қатысуына ерекше мән береміз. Оларға қолданыстағы және жаңа ғылыми-практикалық әдістерді бағалауға, білім базасын кеңейтуге және сыни ойлау қабілеттерін кеңейтуге назар аударып, күшімізді саламыз.