Басшылық
Давронжон Гаипов, PhD
Ректор
Давронжон Гаипов – Сулейман Демирель атындағы Университеттің ректоры. Ректордың құзіретіне оқу орнын басқару, университеттің операциялық, академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін қадағалау, сондай-ақ академиялық мақсаттарды қолдау, халықаралық академиялық ынтымақтастық, студенттерге қызмет көрсету, кітапхана және ақпараттық технологияларды қолдау бойынша барлық процестерді бақылау кіреді.
- Ішкі нөмір (101)
- davronzhon.gaipov@sdu.edu.kz

Андрей Богданчиков, PhD
Оқу істер жөніндегі проректор
Андрей Богданчиков – Сулейман Демирель атындағы университеттің академиялық істер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне факультеттерге, халықаралық қатынастар офисіне, білімгерлерге қызмет көрсету офисіне академиялық қолдау көрсету кіреді.
- Ішкі нөмір (121)
- andrey.bogdanchikov@sdu.edu.kz

Али Кочак, PhD
Әкімшілік істер жөніндегі проректор
Али Кочак – Сулейман Демирель атындағы университеттің әкімшілік істер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне қызметкерлерді басқару департаменті, маркетинг департаменті, IT-қолдау, автоматтандыру, құқықтық қызмет, техникалық қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын үйлестіру, басқару және қадағалау кіреді. Проректор университет инфрақұрылымының дамуына жауапты негізгі қызметкер.
- Ішкі нөмір (201)
- ali.kochak@sdu.edu.kz

Қайрат Молдашев, PhD
Ғылыми зерттеулер жөніндегі проректор
Қайрат Молдашев – Сулейман Демирель атындағы университеттің академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры. Оның міндетіне ғылыми процестерді үйлестіру , факультеттер мен университеттің ғылыми бөлімдеріне, ғылыми кітапханаға академиялық қолдау көрсету кіреді.
- Ішкі нөмір (181)
- kairat.moldashev@sdu.edu.kz

Алмат Жайлаубаев
Қаржы жөніндегі проректор
Алмат Жайлаубаев – Сулейман Демирель атындағы Университеттің қаржы жөніндегі проректоры. Оның міндетіне бизнес-процестерді басқару, стратегиялық даму, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдармен арақатынастарды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер кіреді. Проректор университеттің қаржылық қызметін бақылайды.
- Ішкі нөмір (161)
- almat.zhailaubayev@sdu.edu.kz

Малик Сатаев, MA
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор
Малик Сатаев – Сулейман Демирель атындағы Университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры. Оның міндетіне әлеуметтік бөлімнің, мансап бөлімінің және білімгерлерді орналастыру бөлімінің жұмысын басқару және үйлестіру кіреді. Малик Сатаев тәртіптік және консультативтік кеңестің төрағасы болып табылады. Ол сондай-ақ университеттің тәртіптік-тәрбиелік және бұқаралық өміріне жауап береді.
- Ішкі нөмір (241)
- malik.satayev@sdu.edu.kz

Еркін Шаймерденов
Ректор аппаратының басшысы
Еркін Шаймерденов – Ректор аппаратының басшысы. Ол арнайы жобалар, бастамалар мен атқарушы мәселелер бойынша кеңесші болып табылады. Қамқоршылар Кеңесінің хатшысы қызметін атқарып, кеңестің мүшелер арасындағы қызметтік қарым-қатынасты жүзеге асырады.
- Ішкі нөмір (104)
- yerkin.shaimerdenov@sdu.edu.kz
