
Пошта
Университетіміздің әр студентіне Google G Suite аккаунты ашылады. Бұл аккаунт студенттің ресми университеттік электронды поштасына байланған. Университеттегі пошта барлық қызметкерлер мен студенттерге сенімді, кәсіби, нақты қызмет көрсетеді. Бұл қызмет барлық ішкі және сыртқы пошта қызметін қамтып, университет қызметкерлеріне алда жоспарланған іс-шаралар, академиялық жоспарлар, басқа да ақпаратты жеткізеді. Пошта қызметінің барлық Google G Suite арқылы жүргізіледі. Әрбір студент алдын-ала берілген құпиясөзі бар жеке корпоративті поштамен (мысалы name.surname@sdu.edu.kz) қамтамасыз етіледі. Қолданушы поштасына берілген қолданушы аты мен құпиясөз арқылы кірген соң, жүйе автоматты түрде құпиясөзді ауыстыруды сұрайды. Бұдан кейінгі уақытта қолданушы енгізген жаңа құпиясөз пайдаланады.
Google G Suite аккаунттары электронды поштадан бөлек күнтізбе, Google Drive (тегін ақпарат жинақтайтын сервис) және Google Hangouts (текст, аудио-видеобайланыс сервисі) сияқты кең көлемді мүмкіндіктерді қолдануға жол ашады.


WiFi
Кампусымызда SDU_WiFi (білім беру корпусының іші), SDU_Dorm(жатақхана), SDU_Guest және Eduroam тегін Wi-Fi байланысы іске қосылған. Қызметкерлеріміз бен студенттеріміз осы жүйеге қосылуы тиіс.
Студенттер көрсетілген жүйелерге қосыла алады. Өзіңіздегі құрылығының ауқымына қарай Wi-Fi жүйесін таңдай аласыз. Бұл жүйелер тез әрі сенімді байланысты қамтамасыз етіп, 300Mbps-ке дейін қызмет көрсетеді. Қызмет Wi-Fi дың 802.11g and 802.11n стандартын, кей орындарда 802.11ac қызметін көрсетеді. Қызмет 2.4GHz and 5GHz толқындарда жұмыс жасайды.
Студент копроративтік WPA2 арқылы кіре алады. Бұл қолданушыға кедергісіз сенімді байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі қолданыстағы құрылғылардың көбі осы стандартқа сай жұмыс жасайды.
Құпиясөз
Студенттер WiFi, Moodle, Office 365, windows және DMS құпиясөздерін осы қызмет арқылы өзгерте алады. Ол үшін университеттегі электронды поштаңыз бен қолданушы аты (мысалы name.surname@stu.sdu.edu.kz) қажет. Қызмет поштаңызға құпиясөзді өзгерту туралы сілтеме жібереді. Болмаса, (https://password.sdu.edu.kz) арқылы департаментімізге хабарласыңыз.


Office 365
Университетімізде Office 365 сервисі қолжетімді, бұл дегеніміз – барлық қызметкерлеріміз барлық қызметкерлеріміз осы заманауи қызметке тегін қол жеткізе алады деген сөз. (https://office365.sdu.edu.kz)
Студенттер электронды поштасы (мысалы, name.surname@stu.sdu.edu.kz) мен құпиясөзді wifi, moodle or DMS қосылған сияқты office 365 те қолдана алады.
Қашықтықтан жұмыс жасау
Office 365 барлық қызметі онлайн қолжетімді. Office бағдарламалары мен файлдары кез келген жерде, кез келген құрылғыдан қолжетімді.
Студенттерге тегін
Бір драйвта 1 TB дейін файлдард сақтау.
Топтық жұмыс
Қайда жүрсеңіз де қызметтестеріңізбен байланыста болыңыз. Файлдарды жіберу, байланыс және басқару мүмкіндігі.
Moodle
Moodle is a Learning Platform or course management system (CMS) – a free Open Source software package designed to help educators create effective online courses based on sound pedagogical principles.
Moodle is used for blended learning, distance education, flipped classroom and other e-learning projects in schools, universities, workplaces and other sectors.
Students need to use wifi ID number and password to login moodle. (https://moodle.sdu.edu.kz)
