СӨЗ ӨНЕРІ
Орталық туралы
«Сөз өнері» зерттеу орталығы SDU University-дің ғылыми кеңесінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні (хаттама № 8) бекітілген.
Аталған орталықтың басты мақсаты – тіл мен әдебиет, педагогика, мәдениет, жалпы руханият саласында іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізу. Авторлық жобалар ұсыну, ғылыми орта қалыптастыру, педагогика және филология бағытындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарын нығайту. Сондай-ақ, «Сөз өнері» зерттеу орталығы қазақ халқының мәдениетін, тілі мен әдебиетін, рухани мұрасын өзге елдерге таныту мақсатында Қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасайды.
Мақсаттары мен міндеттері
- Ғылыми- әдістемелік бағыттағы жобаларды іске асыру;
- Ғылыми -әдістемелік семинар, конференциялар, қонақ дәрістер өткізу;
- Педагогикалық бағыттағы тренигтер өткізу;
- Ғылыми еңбектердің жарық көруіне, ғылыми -әдістемелік зерттеу жұмыстардың дамуына ықпал ету;
- Танымдық әрі шығармашылық бағыттағы іс шараларды ұйымдастыру;
- Жас ғалымдардың, креативті жастардың дамуына қолдау көрсету.
Баян Керімбекова
Орталықтың директоры
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Негізгі зерттеу нысаны: рухани даму, педагогика, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар, жазу өнері, т.б.
– 2015ж. Түркияның Ататүрік университетінде тағылымдамадан өтті (2 апта).
– 2018. Оңтүстік Кореяның Ханкук университетінде тағылымдамадан өтті (2 апта).
– Мақалалары қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде Қазақстандық, шетелдік басылымдарда жарық көрген.
– «Поэма жанрын талдау жолдары», «Ф.Оңғарсынова поэмаларындағы идеялық-көркемдік ізденістер», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Әдебиет сабағында қолданылатын ойындар мен тапсырмалар», «Kazak Edebyatında metinler» т.б. еңбектердің авторы;
– Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының (5,6,7,9 сынып) авторы.
– «ЖОО Үздік оқытушысы» 2017 атағының иегері.
Ғазиза Отарбаева
Ассистент
PhD, «Қолданбалы филология» мамандығының БББ жетекшісі
Гүлжайна Нұрманова
PhD, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының БББ жетекшісі
Ақбота Абиыр
Магистр-оқытушы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистратура бойынша БББ жетекшісі
Айжарық Сұлтанкожа
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1- курс магистранты, зерттеу орталығының ассистенті
Жібек Серікбек
«Қолданбалы филология» мамандығының 1- курс студенті, зерттеу орталығының ассистенті
Жұмыс жоспары
Жоспары (2023-2024 оқу жылына арналған)
Жоба атауы | Жобаның мақсаты | Жобаның міндеті |
---|---|---|
Қазақтың педагог-ғалым әйелдері | Қазақ ғалым әйелдерінің еңбектерін саралап, ағартушылықпен айналысқан, педагогика ғылымына үлес қосып, ұстаздық қызмет атқарған бірнеше әйел ғалымдардың еңбектерін жинақтап, зерттеп, бүгінгі күн тұрғысынан бағалап, қолданысқа енгізу. | – Қазақ ғылымына үлес қосқан әйел ғалымдарды анықтау; – Ағарту саласына үлес қосқан педагог ғалымдардың еңбектерін саралау; – Педаг- ғалым, әдіскер- ұстаздардың еңбектері негізінде ғылыми, әдістемелік бағытта мақалалар жазу; – Жекелеген авторлардың ғылыми еңбектері аясында өзге де ЖОО бірігіп, ғылыми семинар өткізу; – Озық педагогтік ойларды қолдану мақсатында мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік семинар (Құндылықтар академиясымен бірлесіп) жасау. |
XXI ғасыр ертеңгімелері | Мектепке дейінгі білім беру орталықтарының бүлдіршіндеріне, мектеп оқушыларына арнап креативті әрі заманауи ертеңгімелер жазу. Осылайша ХХІ ғасыр балалардың сүйікті кітабына арналатын ертеңгімелер жинағын басып шығару. | – Авторлық ертеңгімелер жазу; – «ХХІ ғасыр ертеңгімелері» ютуб каналын ашу; – Ютуб каналына студенттердің үздік ертеңгімелерін жүктеу; – Ертеңгімелерді сұрыптап, жинақ етіп шығару; – Балабақшалар мен мектептерде, кітапханаларда «ХХІ ғасыр ертеңгілелері кітабының презентациясын жасау. |
Nomad Live | Шетелдік қонақтарға, студенттерге қазақ халқының тілі мен әдебиетін, салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттау мақсатында жазғы мектеп ұйымдастыру әрі оны жүйелі жолға қою. | – Шетелдіктерге қазақтың рухани мұрасын таныту; – Қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту; – Видео дәрістер жасау, Қазақстанның географиялық картасын жасау. |
Байланыс
«Сөз өнері» зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан к-сі, 1/1 | Орталық басшысы/директоры Аты-жөні: Керімбекова Баян Дәулетханқызы | Көмекшісі Айдана Нұрланқызы – Жас маман Жанерке Әбдірахым – Жас маман |