ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІ
Ғылым Департаменті барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменті 2011 жылы ғылыми және инновациялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету және ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында құрылған.
Қызметі
Қатысу және жүргізу
ғылым аясындағы мемлекеттік саясатты университетте ұйымдастыруға қатысу және жүргізу
Жан-жақты дамытуын қамтамасыз ету
ғылымның әлемдік жетістігіне сәйкес ҒЗЖ мен СҒЗЖ-ның жан-жақты дамытуын қамтамасыз ету
Іс-әрекетін бақылау және үйлестіру
кафедрлар, факультеттер, институттар, ҒЗИ-лар, орталықтар мен зертханалардың ғылыми іс-әрекетін бақылау және үйлестіру
Ұйымдастыру және бақылау
университет қызметкерлері мен ПОҚ ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау (импакт-факторлы және рейтингісі жоғары журналдарда және т.б.)
Магистранттар мен студенттердің қатысуын бақылау
түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға және т.б. магистранттар мен студенттердің қатысуын ұйымдастыру және бақылау
Құжат алуды ұйымдастыру
университет қызметкерлері мен ПОҚ орындайтын ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қорғалатын құжат алуды ұйымдастыру және бақылау
Ғылыми жобалар байқауына қатысуын ұйымдастыру
университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысуын ұйымдастыру және бақылау
Ғылыми шараларының өтілу барысын бақылау
ҚР БҒМ бекіткен, университеттің халықаралық және республикалық ғылыми шараларының өтілу барысын ұйымдастыру және бақылау
